ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 12
Қазақстан Республикасының қоғам модернизациясы кезеңіндегі саясаты.
КСРО-ның тарауымен Қазақстанның қазiргi жылнамасында жаңа өтпелi кезең ашылды. Оның мазмұны – кеңестiк тоталитаризммен түбегейлi қоштасуды қамтамасыз етуге бағытталған постсоциалистiк жаңғыру, Қазақстанның дәстүрлi қоғамнан қазiргi заманғы әлеуметке өтуiн аяқтау, аяқталмаған индустриалды жүйенiң шегiнен шығып, постиндустриалды кезеңге өту едi. Қазақстан демократияландырудың ғаламдық үрдiсiмен, оның «үшiншi толқынымен» осылай бетпе-бет келдi. Түпкiлiктi таңдауымыз туралы 1990 жылдардың ортасында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев мәлiмдедi: «Бiздiң таңдауымыз қазiрдiң өзiнде айқын, мақсатымыз белгiлi. Алайда алдымызда демократиялық даму үлгiсiн таңдау проблемасы тұр».
Демократиялық принциптерге сәйкес, қоғамдық институттарды қайта құру – демократияландыру үрдiсi болып табылады. Әр кезеңнiң тарихи байланыстарын қалпына келтiрумен, мәдениеттi гүлдендiрумен және экономиканы оның тиiмдi үлгiсi – нарықтық, либералды экономиканы қайта құрумен бiрге Қазақстанда демократияландыру үрдiстерi белсендi жүргiзiлдi. Бұл процесс елiмiзде билiк жүйесiн қайта құрудан басталғаны белгiлi. Ең алдымен 1991 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауы болды. 1995 жылы екi палаталы Парламент сайлауының өтуi тиiстi басқару органдарының билiк өкiлеттiгiн түпкiлiктi нығайтып, жалпы билiк саласында демократиялық қайта құру үрдiсiн аяқтады. Парламенттiң жұмыс тәжiрибесi көрсеткендей, ол өз өкiлеттiгiне сәйкес табысты жұмыс iстеу үшiн өзiне жүктелген мiндетi мен орнын тез таба бiлдi. Үкiметтiң қызметiне бақылау жасау жөнiндегi өкiлеттiгi бар Парламент алдымен реформалық өзгерiстер үрдiсiн заңдылық тұрғысында қамтамасыз еттi. Бұл елiмiздi демократиялық жолмен дамыту талаптарына сай келiп жатты.
Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері.
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.
Отбасы типологиясы. Неке мен туысқандық. Отбасының әлеуметтік қызметтері.
Әлеуметтенудің ең маңызды агенті - отбасы. Қараусыз қалған балалардың қайғылы оқиғалары мен маймылдарға жасалған тәжірибелер соның дәлелі. Баланың отбасында мейірімге бөленуі мен тәрбие көруі оның ой-сана (когнитивті), эмоциялық және физикалық тұрғыдан қалыпты дамуы үшін өте маңызды. Сонымен қатар адамның алғашқы ұстазы - отбасы мүшелері, яғни ата-анасы, кей жағдайда ата-әжесі, өгей ата-анасы немесе басқа адамдар. Олардан бала аяқкиімнің бауын байлауды, қалам ұстауды ғана үйренбейді, сонымен бірге өмір сүру үшін аса қажет жайттарды - мақсат қоя білуді, сенім білдіруді т.б. үйренеді. Жаңа туған нәрестенің физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын іс-шаралар әлеуметтік өзара әрекеттесудің негізін қалайды. Мәселен, баланы тамақтандыру мен оның жаялығын ауыстыру кезінде анасы оны қүшақтайды, күлімсірейді, сөйлеседі. Бұл тәрбиелеу шаралары аса маңызды, себебі бұлар болмаған жағдайда баланың әлеуметтік, эмоциялық және физикалық өсуі тежеледі.Бала қоғамның толық мүшесі болмай тұрып өзінің қалыпты дамуына қосымша көп нәрсе үйренуі тиіс. Ерте жастан білім алудың көп бөлігі күнделікті өзара әрекетке түсу нәтижесінде жүзеге асады: бала сөйлесуді, қарым-қатынас жасауды, үйде ойнауды және басқалармен танысуды үйренеді. Бала өскен кезде оқыту тікелей жүреді де ата-анасы негізгі дағдыларды үйретуге және баланы отбасынан тыс өмірге дайындауға тырысады. Алайда әр отбасының осы құндылықтар мен дағдыларды қалыптастыру жолдары әртүрлі: кейбіреулер құшақтау, мақтау арқылы тәрбиелесе, басқалары шапалақты пайдалы әдіс деп есептейді, ал кейбіреулер тыңдамайтын баланы ұрады.
Сонымен қатар,ата-ананың діни ұстанымы, әлеуметтік деңгейі мен ұлты – баланың мінез-құлқына, нанымына, өзін-өзі бағалауына және қоғамда алатын орнына ықпал ететін әлеуметтенудің маңызды агенті болып табылады.Олар басқалардың бала жайындағы пікіріне әсер етеді және баланың отбасынан тысқары ортада әрекегке түсетін топтарын анықтайды. Осылайша, отбасының нәсілі, деңгейі және діні баланың аулада, мектепте және жұмыс барысында алғашқы тәжірибе жинауына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |