Емтихан билеті №1


Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз



бет4/12
Дата20.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#58547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Метрология ответы на вопросы экзамена

Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшеу бірлігі ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.
Физикалық шама мәні – қабылданған бірлікпен физикалық шама өлшемін сандық түрде өрнектеу.
Физикалық шаманың нақты мәні – тәжірибелік жолмен алынған және шынайы мәнге өте жақындатылған, өлшеу жүргізу барысында шынайы мән орнына қолданылатын физикалық шама мәні.
Физикалық шаманың өлшем бірлігі – бұл шартты түрде сандық мәні бірге тең деп алынған белгіленген мөлшердегі физикалық шама.

Жүйелік қателік – бір және сол шаманы қайталап өлшеулерде тұрақты немесе заңды өзгеретін болып қалатын қателік өлшеуі.


Егер жүйелік қателік белгілі болса, яғни белгілі мәні және таңбасы болса, онда ол өлшеудің аяқталуы бойынша түзету енгізу жолымен алынып тасталуы мүмкін. Егер жүйелік қателіктің себебі (көзі) белгілі болса, онда оны өлшеуге дейін шығарып тастау қажет.
Құралдық қателік (құралдың қателігі) - қолданылатын өлшеу құралдарының қателіктеріне байланысты туатын қателіктер (конструкцияның, өлшеу құралдарының жасалу технологиясының жетімсіздігі, олардың бірте-бірте тозуы, материалдардың ескіруі).
Орнату қателігі - өлшеу құралдарын дұрыс орнатпау қателіктері. Әдістемелік қателік – шаманы өлшеу әдістемесінде жіберілетін қателік және бұл өлшеу құралдарын қолдану дәлдігіне тәуелді емес.
Субьективтік қателік – байқаушының жеке ерекшеліктерімен шартталған қателіктер.

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 5

  1. Құбылысты зерттеудің ғылыми әдістері.

  2. Жүйелік қателіктер. Жүйелік қателіктерді сипаттау және бағалау. Стьюдент таралу заңы.

Жауабы:
Құбылысты зерттеудің ғылыми әдістеріне мыналар жатады:


– бақылау
өлшеудің бірлік көрсетуін алу;
– эксперимент (тәжірибе) – өзгермейтін сыртқы шарттар жағдайында өлшеулерді бірнеше рет қайталау.
Құбылыстарды физикалық зерттеу төмендегідей сатымен жүргізіледі:
А) жаңа құбылысты алғаш рет бақылау;
Ә) белгілі шарттарды орындай отырып, құбылысты көп қайтара зерттеу;
Б) құбылыстың моделін (теориясын) құру;
В)ұсынылған теорияны бірнеше қайтара тәжірибе жүзінде тексеру.

Жүйелік қателік – бір және сол шаманы қайталап өлшеулерде тұрақты немесе заңды өзгеретін болып қалатын қателік өлшеуі.


Егер жүйелік қателік белгілі болса, яғни белгілі мәні және таңбасы болса, онда ол өлшеудің аяқталуы бойынша түзету енгізу жолымен алынып тасталуы мүмкін. Егер жүйелік қателіктің себебі (көзі) белгілі болса, онда оны өлшеуге дейін шығарып тастау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет