16-шы ғасырға дейінгі биогеографияға қатысты ілімдер.
Жануарлар мен өсімдіктердің құрылысы мен тіршілік ортасы туралы мәліметтер адамзат баласына бұдан бірнеше ғасыр бұрын белгілі болған. Жерді игеру 9-10 мың жылдар бұрын пайда болған. Археологиялық жаңалықтар бұл мәліметтерді 15 - 18 мың жылға кері шегеріп тастайды. Мысалы: Аустрия үңгірінде жүрегі айқын көрсетілген піл суреті бар. Сонымен қатар аралар балын жинап жүрген әйел бейнесі де салынған. Бұлар бізге қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесінде белгілі болып отыр.
Пайдалы өсімдіктер мен жануарлардың экологиясы, географиясы жӛніндегі деректерді кӛне поэтикалық энциклопедиялардан: Индия Рамаяны, Ежелгі Египет қолжазбалары, Шумер, Қытай қолжазбаларынан таба аламыз. Жануарлар мен өсімдіктердің систематикасын көне, орта ғасыр ғалымдарының еңбектерінен белгілі болды.
Бұл білім жүйеленбеген және жалпыланған еді. Жердегі тіршілік туралы мәліметтерді жалпылау ежелгі дүние мен орта ғасыр елдерінде таралған философиялық идеяларға сәйкес жүрді.
Достарыңызбен бөлісу: |