Мадагаскар аралы мен оған көршілес аралдар тобын - Маскарен, Сейшель, Амиран, Комор, т.б. қамтиды. Мұнда тек бір облыс - Мадагаскар, Мадагаскар флорасы ежелгі географиялық оқшаулану жағдайында қалыптасты.
Мұнда 9 эндемиктік тұқымдас, 450 эндемиктік түр, гүлді өсімдіктердің түр эндемизмі 89%-ға жетеді. Мадагаскар мен Африка флораларының арасындағы айтарлықтай тығыз байланыстың болғанын жалпы түрлердің (пальма, рафия, баобаб) маңызды бөлігі және шамамен 170 түр дәлел болады. Сейшель аралдарында эндемиктік Сейшель пальмасыөседі, ірі жемісінің салмағы 45 кг құрайды.
Үнді-Малезия
Үнді
Бүкіл Үндістан аймағын қамтиды. Сонымен қатар бұл аймаққа Шри-Ланка, Тайвань, Хайнань және басқа да аралдары кіреді. Рельефінде ойпаттар мен үстірттер басым. Солтүстікте аймақ Гималаймен шектеседі, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста Батыс және Шығыс Гат тау жоталары орналасқан.
Эндемик түрлер:
Шумахерия – Dilleniaceae тұқымдасының бір түрі
Мишодон – Picrodendraceae тұқымдасының түрі
Поэцилонейрон – Calophyllaceae тұқымдасына жататын өсімдіктер түрі
Диптерокарпус
Эринокарпус
Үндіқытай
Бұл аймаққа Бангладештің оңтүстік-шығыс және шеткі шығыс бөлігі, шығысында іргелес Үндістанның тропикалық аймақтары, Бирманың бүкіл тропиктік бөлігі, Таиланд (ең оңтүстік бөлігін қоспағанда), Үндіқытай (ең солтүстік бөліктердің кейбірін қоспағанда), Андаман аралдары, оңтүстік-батыс және оңтүстік Қытайдың тропикалық аймақтары, Хайнань аралы.
Эндемикалық тұқымдастар жоқ, бірақ 250-ден астам эндемикалық туыстар бар. Үндіқытай флорасының эндемикалық түрлерінің саны өте көп. Үндіқытай аймағының табиғи өсімдіктері Үндістан аймағына қарағанда жақсы сақталған және әлдеқайда бай. Үндістан аймағынан айырмашылығы мұнда Кастанопсис, Литокарп және Кверкустың (Сastanopsis, Lithocarpus, Quercus) мәңгі жасыл түрлерінің таулы ормандары тән.
Малезия
Малезия аймағына Кокос аралдары, Рождество аралы, Никобар аралдары, Малай түбегінің оңтүстік бөлігі, бүкіл Малай архипелагы (Үлкен және Кіші Зонд аралдары, Филиппин және Молукка аралдары), Жаңа Гвинея аралы, Адмиралти аралдары, Бисмарк архипелагы, Соломон аралдары, Луизиада архипелагы, сонымен қатар көптеген шағын аралдар кіреді. Солтүстікте Малезия аймағы Тайвань аралының оңтүстік шетіне және Лансу мен Хошаодао аралдарына жетеді.
Вербен тұқымдасынан тік, алып фикус, ерекше танымалы - каучук өсімдігі (Ficus elastica) тән. Өсімдік жамылғысында тропикалық орманның ылғалды түрлері басым. Пальманың алуан түрлері тән, олардың ішінде тек бір рет гүлдейтін және гүлдегеннен кейін тіршілігін жоятын көлеңке пальмалары (Corupha umbraculuifera). Жүзімділер тұқымдасынан кейбір лианалардың шырынымен қоректенетін паразитті өсімдіктердің 12 түрін біріктіретін раффлезия(Rafilesia) эндемик болып табылады. Раффлезиялардың арасында ең танымалы - алып түрі, массасы - 10 кг-ға жететін етті гүлі болады.
Папуас
Ол Жаңа Гвинея аралдарын және оған іргелес Ару, Халмахера, Бисмарк және Соломон аралдарын, Австралияның солтүстігіндегі Арнемленд пен Кейп-Йорк түбегін қамтиды.
Бұл провинцияның флорасы жалпы 1400 тұқымдастың кемінде 140 эндемикалық тұқымдастарын және жалпы 9000-нан астам түрдің кемінде 8500 эндемикалық түрлерін қамтиды. Осылайша, ол Үнді-Малезия патшалығындағы ең бай облыс. Австралияға жақындығына қарамастан, Папуа провинциясының флорасы малезиялық сипатқа ие.
Фиджи
Фиджи аймағына Банкс аралдары, Жаңа Гебридтер, Фиджи аралдары, Ротума аралдары, Увеа (Уоллис) аралдары, Хорн аралдары, Самоа аралдары, Тонга аралдары және Ниуэ аралдары кіреді.
Бұл аймақта 1 эндемикалық Дегенерия (Degeneriaceae) тұқымдасы және 4 тұқымдасқа жататын 15-ке жуық эндемикалық тұқымдастар бар. Эндемикалық тектер мен түрлердің ең көп шоғырлануы Фиджи аралдарында байқалады. Флора малезиялықтарға жақын және Жаңа Гвинея мен Соломон аралдарының флорасымен көп ұқсастықтары бар.