Голантарктикалық патшалыққа 4 облыс кіреді – Хуан-Фернандес, Чили-Патагония, Субантарктикалық аралдар облысы және Жаңа Зеландия.
Флоралық тұрғыдан Чили-Патагония облысы біршама бай, оған кейбір эндемиктік қылқан жапырақтылар тән. Оларға астроцедрус, фицройя, подокарпус түрлерін атауға болады. Биіктігі 40-55 метрге дейінгі алып фицройя ағашы үнемі ылғалды-мәңгі жасыл ормандардың бірінші қабатында өседі. Араукария түрлерінің біреуі эндемик болып табылады. Ірі Оңтүстік шамшат түрінің алуан түрлілігі жоғары. Бұл қолайлы гидротермиялық жағдайда биіктігі 40-50 м-ге, діңгегінің диаметрі 1,5-2 метрге жететін ірі ағаштар, Анд тауларының баурайы мен жағалаулық оңтүстік бөлігі оңтүстік шамшат ормандарымен жабылған. Мәңгі жасылдар түрінің басымдығы тән. Алайда жапырақтылар да кездеседі. Оңтүстік шамшаттың барлығы 40 түрі бар деп есептеледі, олардың жартысына жуығы жаңа Гвинея мен жаңа Каледонияда, ал қалғандары-Австралия және Антарктида патшалықтарында өседі. Принглея туысының бір түрі - капуста тұқымдасынан кергелан капустасының ареалы субантарктикалық мұхиттық аралдарды қамтиды. Бұл тұқымдастың қарапайым түрлерінің бірі.