Емтихан сұрақтары: Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері салауатты өмір салтын насихаттау


Алиментарлық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу



бет11/30
Дата21.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#102778
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
17.Алиментарлық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу.
Алиментарлы аурулар – бұл ағзаға қоректік заттардың физиологиялық қажеттіліктерімен салыстырғанда жеткіліксіз немесе артық болуынан туындаған аурулар.
Тағамдық заттардың жетіспеушілігінен туындаған алиментарлы аурулардың ішінде ақуыз-энергетикалық жетіспеушілік, витаминдік жетіспеушілік және бірқатар минералдардың (кальций, темір, йод және т.б.) жетіспеушілігінен туындаған аурулар практикалық маңызды болып табылады. Ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздікке алименттік дистрофия, квашиоркор және алименттік маразм жатады (Квашиоркорда ақуыз жеткіліксіздігі басым болады, ал алименттік маразмада — энергия). Ағзаны темірмен, мыспен, фолий қышқылымен және В12 дәруменімен жеткіліксіз қамтамасыз ету анемияның дамуына әкеледі. Йодтың жеткіліксіз түсуі йод тапшылығы ауруларының (ЙТА), атап айтқанда эндемиялық зобтың себебі болып табылады
Көптеген жағдайларда алиментарлы аурулар ақуыздар, дәрумендер, темір, мырыш сияқты бірқатар қоректік заттардың жетіспеушілігімен бірге дамиды.
Алиментарлы аурулардың алдын алу ұсынылған калориялық рационға сәйкес тамақтануды ұтымды ұйымдастыруға, әртүрлі өнімдер жиынтығын қолдануға, қажет болған жағдайда витаминдік препараттарды қолдануға негізделген. Алиментарлық аурулармен күресте халықты тиімді тамақтану қағидаттары мен дағдыларына оқыту маңызды рөл атқарады
18.АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу бойынша білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру.
ЖҚТБ(Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі)Бүгінгі
Таңда адамның қорғаныш Тапшылығы қоздырғышынан (АҚТҚ) туындайтын аса қауіпті Дерт. АҚТҚ – адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы. АҚТҚ басқа вирустар сияқты өте ұсақ микроорганизмдер, оларды кәдімгі микроскоп арқылы көру мүмкін емес.
Адамға АҚТҚ жұққан жағдайда, вирус иммунды жүйені терең зақымдап, оның қорғаныш қабілетін төмендетеді. АҚТҚ жұқпасы бірнеше кезеңнен тұрады.
ЖҚТБ – АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы болып табылатын, жүре пайда болған қорғаныш тапшылық белгісі.
АҚТҚ-инфекциясының берілу жолдары:
АҚТҚ инфекциясы қанда, шәуетте, қынаптық секретте, ми-жұлын Сарысуында, емшек сүтінде болады. Жыныстық қатынас; Парентеральді (вирустың қанға түсуі) Вертикальді (АҚТҚ бар ананың жүктілігі, тууы, емізуі кезінде).
АҚТҚ-инфекция жұқпайды: достық қарым-қатынаста және сүйгенде;
қол алысқанда; мектеп құрал-жабдықтарын, компьютерді, асхана құралдарын, сыртқы киімді пайдалану кезінде; сантехжабдықтарды, бассейн, душты пайдалануда; қоғамдық көлікте; жәндіктермен, соның ішінде қансорғыш;
ЖҚТБ-инфекциясының диагностикасы Ағзадағы ЖҚТБ болуын анықтау және диагнозын iшкi белгiлерiне Қарап қоюға болмайды. Қан зерттеулерi қажет. Мұнымен қоса ЖҚТб Қандағы антителдiң болуы (ЖҚТБ-тест) және вирустың саны (вирустық жүктеме) анықталады. Иммундық ферменттi талдау (ИМТ
Алдын алу шаралары:
Науқас адамды уақытылы анықтау жұмысын кеңінен жүргізу. Қауіпті топ адамдарды (нашақорлар,жезөкшелер,үйі-күйі жоқ азамат – Тар,гомосексуалистер) тұрақты диспансерлік бақылауға алу және жоспарлы түрде Лабораториялық тексеруден өткізу. Салауатты өмір салтын насихаттау жар төсегіне деген адалдық Нашақорлыққа қарсы күресті дұрыс жолға қою Ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефондарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмысын Ұйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. Б Стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцінқайшысын, сақал алғышын және Басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау; Әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, Бөлінділерімен жанасудан абай болу; Презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды); Қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардыңАИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет