19.Ғылыми педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүргізу процесі. студенттердің ғылыми ойлау дәрежесін барынша шығармашылықпен, өзіндік жұмыстармен байланстыра отырып дамыту. Яғни, студенттер жоғары оқу орындарында білім алып жүрген кездің өзінде – ақ ғылыми зерттеу жұмыстары, оның түрлері, оны жүргізу әдістемесі, әрбір жұмыстың негізі, тұп нұсқасы неде жатқанын анықтай алу үшін ғылыми – зерттеу жүргізудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстыр жасау, ғылыми баяндамалар әзірлеу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда картотека, библиографиямен жұмыс істей білу, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс – тәсілдерін, жүргізу ерекшеліктерін өз дәрежесінде меңгерулері қажет.
Осыдан келіп, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындауда олардың дағдыларын қалыптастыру жүйесін оқу және оқудан тыс арнайы ұйымдастыру – білім беру үдерісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
20.Салыстыру әдісі. Салыстыру әдістері – егіздер, кросс-мәдени, биографиялық т.б. жатады. Егіздер әдісі – жеке тұлғаның психикалық дамуында орта мен тәрбиені, тұқым қуалау ролін зерттейді. Т.Бушар 48 монозиготалы жұптарды зерттеу барысында көптеген қызғылықты факторларды ашады. Бұл жұптар туа сала, бір-бірінен ажыратылып, бөлек өскен. Алайда олардың бір-бірінен бөлек өскеніне қарамастан олардың арасындағы ұқсастықтар өте көп болған. Ал гетерозиготалы егіздер бір отбасында тәрбиеленсе де, олардың арасындағы ұқсастықтар өте аз болған. Егіздер әдісі арқылы адамдардың қарым-қатынас, белсенділік пен эмоционалдылық генетикалық тұрғыдан берілетіндігі туралы ақпараттар жинақталса, тұқым қуалаушылық пен ортаның психикалық дамуға әсері онтогенез дамуының кез-келген этапында әлі де болса зерттеуді қажет ететін сұрақ болып табылады.
Салыстыру – дені сау балалар мен ауытқуы бар балалардың психикалық даму деңгейлері қарастырылады. Кросс-мәдени әдіс – өсіп келе жатқан ұрпақтың әртүрлі мәдени ерекшеліктерін салыстыруда қолданылады.