14.Тест зерттеу әдісі және оның түрлері. Тестілеу – бұл жекелеген тұлғалардың әр түрлі сипаттамаларын өлшеуге қолданылатын стандартты әдіс. Ол объективті мәліметтер немесе субъективті мәліметтер шектер туралы деректер алуда көп еңбек етуді қажет ететін әдіс болып табылады. Тест ғылыми құрал түріндегі сарапшылардың тиянақты жұмысының нәтижесі. Тесттерді бұл мәселемен арнайы кәсіби психологтар мен педагогтар жасайды. Сондықтан баланың міндеті жарияланған тесттерді тауып, оларды пайдалануға тіреледі. Тесттің мазмұнында мәнсіз белгісіз, мәселен, “орта”, “орташа”, “жоғары”,” жиі”, секілді ұғымдар болмағаны жөн. Әр адамның бұл сөздерді түсінуі әрқалай.
Педагогикалық тестілеу – мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық процесті объективті өлшеуге көмектеседі. Көптеген педагогикалық тесттер жай және лайықты құрастырылып, компьютердің көмегеімен нәтижесі шығады. Үлгерім тестісі, қарапайым біліктілікті тестісі, оқу-тәрбие деңгейін диагностикалау тестісі қолданылады.
Соңғы кездері психологиялық тесттер педагогикалық зерттеулерде және практикасында көп қоланылып келеді. Оны қолдану барысында такті сақтап, алынған нәтижені талқыға салмай, конфиденциальность сақтау керек. Тестер төмендегі түрлерге бөлінеді:
Жетістікке жету тестері:
- Даму тестері.
- Парасат тестері
- Жалпы нәтижелік тестер.
- Мектепке дейінгі балалардың үлгерім тестері.
- Кәсіби жарамдылық пен функционалдық мүмкіндікті анықтайтын арнайы тестер.
Психометриялық жеке тұлғалық тестер.
1. Жеке тұлғалық құрылымдық тестер.
2. Қызығушылыққа және мақсатқа арналған тестер.
3. Клиникалық тестер.
Педагогика ең бастысы балабақша үлгерім, мектепке дайындықты анықтайтын парасат, кәсіби оқуға жарамдылықта тексеретін, ынталылыққа және ойын жинақтай білуге арналған, сондай-ақ әлеуметтік тестер қолданылады.
15.Эмпирикалық әдістердің қолдану ерекшеліктері. 16.Зерттеудің мақсаттарын анықтайды.