74.Озат педагогикалық тәжірибеге қойылатын талаптар? Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар.
Бірінші белгісі – жаңалық.
Екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» – оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі. Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
- оқушылардың бағдарламадағы оқыту материалын меңгеруі;
- өз беттерімен білім ала білуі;
- білімдерін шығармашылықпен тәжірбиеде колдануы;
- оқушылардың жалпы дамуы.
6.
Үшінші белгісі – оқу, тәрбие тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірбие озық тәжірбие деп есептелмейді.
Төртінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озық мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық үдерісті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
7. Педагогикалық озық тәжірбиені пркатикаға негізудің кейбір жолдары:
1.Оқыту және тәрбие саласындағы жаңа педагогикалық әдістер, жақсы тәжірбиелер жетістіктерін насихаттаудан бастау. Оларды мұғалімдердің кең талқысына салып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар түрінде нақты шешім қабылдау.
2.Педагогикалық озық тәжірбиен терең зертеу және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу үшін, оны педагогикалық еңбектің шеберлеріне ( бір-екі бастауыш сынып мұғалімдеріне, бір-екі жоғары сынып пән мұғалімдеріне) тапсыру керек. Олар әдістемелік пән бірлестігі жетекшілерімен бірігіп зерттеу жоспарын жасайды, ол педагогикалық кеңесте бекітіледі.
8. 3.Мектеп дирекциясы әдістемелік кеңеспен бірлесіп зерттеу жұмысына басшылық етеді, талдау жасайды. Әдістемелік ұсынбаларды жинақтайды, оны педагогикалық кеңесте мұғалімдерге хабарлап отырады.
4.Әрбір мұғалімнің зерттеу жұмысы жүргізіліп жатқан сыныптардың оқу-тәрбие жұмысына белсенділікпен қатысуына болады.
5.Озық тәжірибе педагогикалық практикада өз орынын берік алғаннан кейін, оқу-тәрбие үдерісіне жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізу қорытындысын жасау, оны мектеп мұғалімдерінің, сонан соң кең түрде педагогикалық жұртшылықтың талқылауынан өткізу қажет.