71.Жалпы дипломдық жұмысты безендендіруге қойылатын талап. 1.Жұмыс мәтіні компьютерде басылып төмендегідей құрылымнан тұруы тиіс:
- титул парағы;
- мазмұны;
- абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тілдерінде (зерттеу жұмысының қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшан тілінде жазылады);
- кіріспе;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2.Титул парағында мыналар көрсетіледі;
- жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
- автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
- жұмыстың атауы;
- жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
- жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
- қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы.
3. Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстан қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
Зерттеудің мақсаты;
Гипотезалары;
Кезеңдері, зерттеудің реті;
Тәжірибенің әдістемесі;
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;
Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы;
Нәтижелерді практикада қолдау салалары.
4. Кіріспеде (екі беттен артық емес) төмендегідей тақырыптар келтіріледі: - таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті);
- қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі.
5. Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы және төмендегілерді қамтуы мүмкін:
- осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізуге және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
- қойылған міндеттерді шешу әдістерін сипаттау;
- жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
- суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер).
72.Мәтінмен жұмыс - рецензия, конспект, цитата. Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе
авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. Рецензия (ағылш. Review) — журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтилы.
Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін.