5. Тіршіліктің пайда болу моделі.
6. Тіршіліктіңортаменәсері.
7. Материяныұйымдастырудыңқұрылымдықдеңгейі.
Микро-, макро-, мегаәлем.
8. Материя құрылысытуралықазіргізаманғыидеялар. Фундаменталдыбөлшектержәнеантибөлшектер.
9. Қазіргізаманғыфизиканыңеңмаңыздытұжырымдамалары. Материя - философиялық категория ретінде. Материя туралыидеялардыдамыту.
10. Зат және өріс, негізгі сипаттамалары. Қозғалыс және даму идеясы.
Зат және өрісті бір-бірінен ажырататын сипаттамалары:
1) тыныштық массасы;
2) қозғалыс заңдары. Электромагниттік және гравитациялық өрістердің жылдамдығы жарық жылдамдығына тең. Зат жылдамдығын өзіміз есептейміз.
3) Өтімділігі. Заттың өтімділігі төмен. Электромагниттік және гравитациялық өрістерде жоғары.
4) Энергия шоғырлану дәрежесі. Затта жоғары, Э және Г өрісте төмен.
5) Корпускулярлық және толқындық қасиет. Затта корпускулярлық қасиет жоғарырақ, Э және Г өрісте толқындық қасиет жоғары.
Қозғалыс пен дамудың байланысы жөнінде ғылымда, негізінен алғанда, екі қарама-қарсы пікір бар. Бірінші, кеңінен таралған пікір: даму - әрқашанда қозғалыс, ал кейбір қозғалыс – даму емес,- деген пікірге келеді. Расында да, біз қолымыздағы сағатты шешіп, столға қойсақ, ол - қозғалыста болды. Бірақ, ол жөнінде, “сағат дамыды”,- деп айту қиынырақ болар.
Екінші пікір дамуды қозғалысқа қарағанда іргетасты есептейді “Егер объективті шындықты біртұтас ретінде қарасақ, онда оның ішіндегі барлық үрдістердің жиынтығын даму ретінде қарау керек” .
11. Жаратылыстануғылымдарыныңпәнаралықбайланысы.
12. Басқажаратылыстанупәндеріменинформатиканыңпәнаралықбайланысына
13.Білім алушылардың іргелі ғылымдарға танымдық қызығушылығын дамыту үшін болашақ мұғалімдерді даярлауда пәнаралық байланыс принципі.
ҚР білім берудің жаңа саясатының негізгі басымдықтарының бірі – оқыту сапасын арттыру болып табылады. Сəйкесінше, бұл білім беру үдерісін оқыту-əдістемелік тұрғыдан жетілдіру жəне ғылыми қамсыздандыру, инновациялық жобалардың жасалуына ыңғайлы жағдай жасау жəне сол жобаларды жүзеге асыруды талап етеді. Білім беру саласындағы маңызды орынды – əрдайым білікті, құзырлы, оқушылардың оқуға қызығушылығын дамытуға қабілетті, оқыту жəне тəрбие беру құралдарының барлық арсеналын меңгерген мұғалім-педагог иеленеді.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үдерісін ұйымдастыруда мұғалімнің практикалық білімдері мен біліктілігінің деңгейі ЖОО студенттердің кəсіптік-педагогикалық дайындығына тəуелді. Болашақ мұғалім жалпы білім беретін мектеп оқушыларының іргелі ғылымдарға танымдық қызығушылығын дамытуға дайындығы болуы үшін жоғары оқу орнында арнайы ғылыми негізделген технологияны меңгеруі қажет. Оқушылардың алдында өз ғылымының беделін көтеру мақсатында мұғалім жаратылыстану ғылымдарының ашқан жаңалықтары техниканың, өндірістің дамуына, ғылыми техникалық прогреске ықпалы зор екендігін айту арқылы олардың білімге деген оң эмоциялы қарым-қатынасын туғызумен қатар, сол ғылымға деген танымдық қызығушылығын арттырады. Танымдық қызығушылықты дамыту үшін мұғалім оқу материалының мазмұнын таңдауда мұқият болуы қажет. Тəжірибеден байқағанымыздай мұғалім келесі жайттарды орындауы қажет:
1.қазіргі таңдағы ғылымның жəне оның дамуы туралы жаңа мəліметтермен оқушыларды таныстыру;
2.сұрақтың тарихын ашу (ойдың тууы, ғылыми ізденістер, жаңалықтардың нəтижелері, қиындықтары);
3..сабақта қойылған мəселелерді ескеріп, сабақтан тыс жұмыстарды жүргізуге баулу;
сабақта жеке оқушылардың жұмыстарының нəтижелерін талдаудың ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыру (пікір, шығарма, талқылау жəне т.б.)
Мектеп оқушыларының танымдық қызметін ұйымдастыруда оқу материалының мазмұнында пəнаралық байланысты нығайту жоғарыда қойылған міндеттерді жүзеге асыруда септігін тигізеді.
Жаратылыстану пəндерінің пəнаралық байланыстары ғылыми дүниеге көзқарастың қалыптасуына, интегративті сипатта жаратылыстану-ғылыми ойлауды жəне оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Егер барлық жаратылыстану-ғылыми пəндері пəнаралық байланыспен қамтамасыз етілсе, онда табиғаттың өзара байланыстары жан-жақты ашылып, оқушыларға табиғат диалектикасын тізбектей тануға мүмкіндік туар еді. Жаратылыстану ғылымдарының пəнаралық байланысын есеп шығару, сабақтан тыс жұмыстар, саяхат жасау кезінде де, мұғалім өз дайындығына байланысты пайдалау мүмкіндігі зор. Сонымен, оқушылардың танымдық қызығушылыған арттыру жəне оқытуды сəтті жүзеге асыру мəселесі мұғалімге тікелей байланысты. Қажетті деңгейде дайын педагог қана оқушылар үшін нағыз ұстаз бола алады. Егер мұғалім оқушыларды тəрбиелеу жəне оқытудың əрдайым тиімді жолдарын ізденіп танымдық қызығушылыған дамыту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп отырса ғана қойылған талаптар орындалады.
Жаратылыстану ғылымдарын оқытуда танымдық қызығушылықты дамытудың маңыздылығы бүгінгі таңда қандай да өркениетті мемлекеттің қуатты болуы жаратылыстану ғылымдарының дамуымен айқындалатындығында. Жаратылыстану ғылымдарының өмір сүрудің барлық облысында – дүниеге көзқарас, мəдениет, экономика, əскери іс, өндіріске əсері мол екендігіне ешкім күмəн келтіре алмайды. Ғылымдардың ашқан жаңалықтары жəне техникалық жетістіктердің адамзат дамуына, адам өміріне жəне өркендеуге əсері мол.
Достарыңызбен бөлісу: |