11. Криминалистикалық фотографияның зерттеу суреттер түрлерін баянда. Криминалистік фотография өзінің қолданатын тəсілдері мен əдістері жəне міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот- тергеулік жəне сараптамалық (зерттеулік) фотографиясы болып үш топқа бөлінеді. Суретке түсіру мақсаты мен қолдану жағдайына байланысты фотография бейнелеушілік (запечатлевающая) жəне зерттеушілік (исследовательская) болып екіге бөлінеді. Бейнелеушілік фотография оқиға болған жерді қарағанда, зат- тай айғақ немесе құжаттарды қарауда, тірі тұлғаларды куəландыру жағдайында, тергеу əрекеттерін жүргізуді суретке түсіргенде қолданылады. Сонымен қатар зерттеушілік фотография əдістеріне: кон- трасты өзгерту тəсілі, түрлі түстерде ажырату тəсілі, көрінбейтін сəуле спектріндегі түсіру тəсілдері (ультракүлгін, инфрақызыл, люминисценттік фотография, рентгенография, гаммография) жəне микрофотография жатады. Криминалистикалық объектілерді зерттеген кезде бейнелеу- шілік суретке түсіру əдістерімен қатар зерттеулік фотография əдістері де кеңінен қолданылады. Зерттеушінің алдында тұрған мақсаттары мен объектілердің ерекшеліктеріне байланысты соттық-сарапшылық фотографияны мынандай түрлерге бөлуге болады: а) өзінің көлеміне байланысты адамның көзіне көрінбейтін белгілерді, детальдарды тауып зерттеуге арналған (мысалы, атылған оқтағы іздердің микроскопиялық рельефі, қылмыс қаруымен қалдырылған микроскопиялық іздер т.б.). Фотосуреттердің ұлғайтылған суретін алу үшін макро жəне микро суретке түсіру əдістерін қолданады. Макро суретке түсіру əдісі – кішкентай заттарды, олардың детальдарын, іздерді үлкейтіп немесе сол қалпында түсіруге мүмкіндік береді. Бұрын макрофотография көбінесе «Зенит» фотоаппаратына ұлғайтқыш сақиналарды жалғап түсіру арқылы жүргізілді. Ұлғайтқыш сақиналар фотоаппараттың фокустық ара қашықтығын ұзартып, түсірілетін объектілерді үлкейіп көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі қолданылып жүрген сандық фотоаппа- раттарда макросуретке түсіруге мүмкіндік беретін функциясы бар арнаулы тетігі бар. Микро суретке түсіру – микроскоптың оптикалық жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Тəжірибеде микро сурет- ке түсіру үшін арнаулы ФМН-2 маркалы микрофото қондырғылар қолданылады.Бұл əдісті қолдану арқылы зерттеудегі объектіні он есе үлкейте отырып, оның көзге көрінбейтін белгілерін суретке түсіріп бекітуге болады. Контрастық суретке түсіру əдісі Контрастық жəне түс ажыратушылық фото – əрең көрінетін, химиялық реактивтерді қолдану арқылы өшірілген, үстіне сия төгілген мəтіндерді, ажыратылуы қиынға соғатын қол, аяқ киім, сындыру құралдарының, атыс іздерін, фотодағы өңі кет- кен бейнелерді айқындап, бекіту үшін қолданылады. Контрастық сурет - түсіру объектілері мен олардың фотографиялық бейнелеріндегі түстердің қарама-қарсылығын ұлғайтып немесе азайтуға мүмкіндік береді. Жарықты жанынан түсіру - оқ пен гильза үстіндегі қару тетіктерінен қалған іздерді, металл қабаттарындағы бұзу құралдарының сызылған іздерін, құжаттардағы өшіру іздерін жəне тағы басқаларды суретке түсіру кезінде қолданылады. Жарықты вертикал бағытта беру арқылы саусақтың терлі- майлы іздерінің суреттерін алуға болады. Өткінші сəулемен жарықтандыру – мөлдір жəне жарты- лай мөлдір объектілердегі іздер мен олардың детальдарының фотографиялық бейнелеріндегі контрасты күшейту мақсатында қолданылады.