Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Бейнелеу суретінің түрлерін ата



бет6/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
4.Бейнелеу суретінің түрлерін ата.
Криминалистикалық тəжірибеде бейнелеуші суретке түсірудің жағдайы мен мақсаттарына байланысты панорамалық, өлшеуші, репродукциялық, сигналдық, стерео жəне макро суретке түсіру əдістері қолданылады.
Панорамалық фотоға түсіру – бұл кəдімгі жəне арнаулы фотоаппараттың көмегімен бір-бірімен байланысқан кадрларды біріктіріп суретке түсіру.
Шеңберлік панорамамен суретке түсіру бір орында тұрып жүргізіледі. Фотоаппарат штативке бекітіліп, ол өзінің горизонталь осі бойынша айналдырыла отырып суретке түсіреді. Əрбір келесі түсірілген сурет алдыңғы суреттің 10% көлемін қамти отырылып түсірілуі керек. Барлық суреттер бірдей жағдайда (арақашықтық, жарық, ұстаным, диафрагма т.б.) түсіріледі. Сурет- ке түсіру 50 м кем емес қашықтықта жүзеге асырылады
Сызықтық панорамамен суретке түсіргенде фотоаппарат түсірілетін объектіге параллель бағытта қозғалтыла отырғызылып жүргізіледі.
Стереофото түсірім – заттардың көлемдік (үш өлшемдік) суретін алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде олардың форма- сы, өзара орналасуы туралы мəліметтер алуға мүмкіндік береді.
Өлшемдік фототүсірім – бұл объектілердің көлемі мен оларға дейінгі ара қашықтықты есептеп шығуға мүмкіндік беретін сурет- ке түсіру əдісі. Өлшемдік фотография өз кезегінде масштабтық жəне метрлік болып екіге бөлінеді.
Репродукциялық фото түсірім – чертеждер, мəтіндер, кесте- лер сияқты жайпақ объектілердің фотокөшірмелерін алуға арналған. Тергеу практикасында бұл əдіс құжаттардың фотокөшірмелерін жəне қажет болған жағдайларда фотосуреттердің көшірмелерін алу үшін қолданылады.


5.Криминалистикалық фотографияның тәсілін түсіндір.
Криминалистикалық фотография дегеніміз тергеу іс- əрекеттерінде, жедел-іздестіру жəне сот сараптамасын жүр- гізгенде қолданылатын, фотосуретке түсірудің ғылыми негізде анықталып, айқындалған əдістері мен тəсілдерінің жүйесі болып табылады.
Соңғы жылдары ғылым мен техниканың қарқынды дамуы- на байланысты криминалистикада қолданылатын техникалық құралдар да елеулі өзгерістерге ұшырады. Атап айтатын болсақ криминалистикада бірнеше ғасыр бойы қолданылып келе жатқан дəстүрлі фотоаппараттардың орнын сандық фотоаппараттар ау- ыстыруда. Əрине, сандық фотоаппараттарды қолдану фотосурет шығару процессін барынша жеделдетіп, сурет шығару процесінен фотопленканы шығару, сумен шаю, бекіту, кептіру сияқты ал суретті фотоқағазға шығару кезінде айқындау, сумен жуу, бекіту, кептіру сияқты операцияларды алып тастауға мүмкіндік береді. Бұл, əрине, криминалист мамандардың уақытын үнемдеп тергеу əрекеттерін тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Біз, бірақ, осыған қарамастан фотосурет шығарудың классикалық бастамасы ақ-қара түсті фото шығарудың негіздеріне жəне осы процессті жүрізу үшін қолданылатын қондырғыларға қысқаша тоқтап өтуді жөн көрдік.
Объектілерді фотография арқылы бекіту физикалық жəне химиялық процестерді қамтыған. Физикалық процесс кезінде объективтің көмегімен суретке түсірілетін объектінің оптикалық кескіні жасалады, ал, химиялық процесті іске асыру барысында осы алынған кескін жарыққа сезімтал қабат үстінде бекітіледі.
Қандай да болмасын бір объектінің фотосуретін алу үшін осы мақсатқа арнайы жасалған оптикалық прибор - фотоаппарат қолданылады.
Фотоаппарат – əртүрлі тетіктер мен механизмдерден тұратын жоғары дəлдікпен жұмыс жасайтын оптикалық прибор. Бұның негізгі тетіктеріне мыналарды жатқызуға болады:
● Объектив;
● Фотоматериалды сыртқы жарық көздерінен қорғайтын
жарық өткізбейтін камера;
● Кескін іздегіш (видоискатель);
● Ысырма (затвор);
● Кадрлық терезе;
● Пленка жылжытатын құрылғы;
● Жарық сезгіш материалы бар кассета жəне т.б.
Барлық қолданыстағы фотоаппараттарды шартты түрде негізгі
екі топқа бөліп қарастыруға болады:
а) жалпы мақсаттағы (əуесқойлық жəне кəсіби аппараттар); ə) арнайы (аэро, рентгендік, стеро т.б.).
Олар бір-бірінен – бейне іздегіштерімен, объективтерімен,
басқа да конструкциялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Суретке түсірудің жағдайы мен шарттарына байланысты түсіру кезінде əртүрлі қондырғылар мен көмекші құралдар қолданылады. Бұларға: электронды-импульсты жарық бергіштер, штативтер, жарық сүзгіштер, ұзартқыш сақиналар, экспонометрлер жəне т.б. жатады. Сонымен қатар, фотосуреттер алу үшін жарық сезгіш материалдар да қолданылады.
Жарық сезгіш материалдар деп – фотографиялық бейнелерді алуға арналған материалдарды айтамыз. Бұл материалдар негативтік жəне позитивтік деп екіге бөлінеді. Негативтік материалдарға жоғарғы жарықсезгіштік тəн жəне олар суретті түсіруге арналған, ал позитивтік материалдардың жарық сезгіштігі төмен, олар негативтік пленкадан позитив алуға арналған.
Фотосуреттерді (позитивтерді) фотоқағазға басып шығарады. Бұл фотоқағаздарға қызғылт жəне қызыл түсті сəулелер əсер етпейді, сол себептен оларды айқындау осы сəулелердің жарығында жүргізіледі.
Фотографиялық процесстің схемасы.
Ішіне жарық сезгіш пленка салынған фотоаппарат суретке түсірілетін объектіге бағытталады. Объектінің айқындылығын анықтап келтіргеннен соң суретке түсіру тетігін басады. Міне осы сəтте объектив нақты бір уақытқа ашылады. Объектив арқылы пленкаға жарық түсіру нəтижесінде оның бетінде көрінбейтін, яғни жасырын бейне пайда болады. Осы процесс фотоға түсіру деп аталады.
Жасырын бейне орналасқан фотопленканы арнаулы химиялық ертінділердің көмегімен (айқындауышта – проявитель) айқындап, сумен шайып, бекіткіш ертіндіде (закрепитель) бекітіп, одан соң толық жуып-шайып, кептіру арқылы көрінетінге айналдырады. Бұл жерде жарық сезгіш материалдарға əсер еткен жарық неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жарық сезгіш қабат жылдам қараяды, сол себептен фотопленкада ақ заттар қара, ал қара заттар ақ болып кескінделеді. Міне, осының нəтижесінде біз объектінің негативтік бейнесін аламыз. Бұл процесс негативтік процесс деп аталады.
Негативтен фотографиялық бейне алу, яғни позитив алу –позитивтік процесс деп аталады. Жарық сезгіш қабаты бар фотоқағазға негатив арқылы жарық жібереді. Осының нəтижесінде қағаз үстінде көзге көрінбейтін жасырын фотографиялық бейне пайда болады. Осы бейне көзге көрінетін болуы үшін фотоқағазды айқындауышта өңдеп, сумен шаяды да бекіткіш ертіндіде бекітіп, сумен толық шайып, кептіреді. Осы операциялардың нəтижесінде фотоқағаздың бетінде негативке қарама-қарсы объектінің бейнесі пайда болады, яғни қара түс ақ, ал ақ түс қара болып шығады. Яғни, қандай да болмасын бір объектінің фотосуретін алу мынандай са- тылардан тұрады: түсіру, негативтік жəне позитивтік процестер.
Фотоға түсіру процесінің сатылары.
Фотоға түсіру сатыларын шартты түрде мына төмендегідей бөлуге болады:
 Фотография құралдарын, фотоматериалдарды таңдау;
 Суреткетүсірілетінобъектініңбағытыменарақашықтығын анықтау;
 Жарықты таңдау;
 Фототүсірімнің экспозициясын анықтау;
 Фотоға түсіру.
Міне, біз соңғы кездерге дейін кеңінен қолданылып келген
дəстүрлі суретке түсіру құралдары мен материалдарына жəне суретке түсіру процесінің сатыларына қысқаша тоқталып өттік. Жоғарыда аталып өткендей соңғы кездері ғылым мен компьютерлік техниканың дамуына байланысты бұл фотоаппараттарды сандық фотоаппараттар ауыстыруда. Енді осы сандық фотоаппараттар жəне олардың жұмыс принциптерін қысқаша қарастырып өтелік.
Сандық фотография əдісі.
«Сандық фотография» дегеніміз компьютерлік техника- ны қолдану арқылы қоршаған ортадағы объектілердің бейнесін компьютерлік технологияны қолдана отырып алу. Электронды есептеу машиналарының жұмысы алынған ақпараттарды сандық түрде немесе сандық форматта өңдеуге негізделген.
Цифрлық форматтағы фотографиялық процесс схемасының фотобейнелерді алудың классикалық əдісімен көп ұқсастығы бар, себебі сандық фотоапараттар дəстүрлі фотоаппараттарға тек сыртқы түрімен ғана емес функционалдық жағымен де өте ұқсас.
Сандық фотография технологиясында дəстүрлі фотография процестеріндегіге ұқсас келесі негізгі сатыларды бөліп көрсетуге болады:
 Фотоға түсіруге дайындық – яғни жарықты, экспозицияны таңдау жəне экспонирлеу.
 Алынған бейнелерді компьютерде графикалық програм- малардың көмегімен өңдеу жəне редакциялау.
 Принтер немесе фотопринтердің көмегімен фотобейнелер алу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет