Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Сарапшының қорытындысының құрылымын сипатта



бет8/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

7.Сарапшының қорытындысының құрылымын сипатта.
Қазақстан Республикасының «Сот-сараптамалық қызметі туралы» Заңының 1-ші бабына сәйкес, сарапшының қорытындысы – сот- сараптамалық зерттеудің реті мен нәтижелерін көрсететін заңға сәйкес рәсімделген құжат.
Сот өндірісінде сарапшының қорытындысы екі түрлі мәнге ие, біріншіден сот дәлелдемесінің түрі ретінде, екіншіден дәлелдеме көрсетілген процессуалды акті.
Сарапшының қорытындысы процессуалды акті ретінде рәсімделуі бірқатар процессуалды талаптарға ие. Сараптаманың қорытындысын рәсімдеу Қазақстан Республикасының «Сот-сараптамалық қызмет туралы» заңымен реттеледі. Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің Сот сараптама орталығында мамандандырылған зерттеулер мен Сот сараптамасын жүргізу туралы нұсқауы Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің 24 қазан 2002 ж. N 158 (өзгертулер мен толықтырулары бар) бұйрығымен және өзге де нормативті актілерімен бекітілген.
Сарапшының қорытындысы өзінің нысаны мен мазмұнына қарай өткізілетін сараптаманың процессуалды мәртебесін (алғашқы, қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді) білдіреді, сол сияқты оларды кіріспе, сипаттау және қорытынды бөлімдерге бөледі. Сонымен қатар, қосымша ретінде фототаблица, көшірме, сызбалар т.с.с. қорытындыға тіркеледі.
Қорытындының кіріспе бөлімі сараптамалық зерттеудің ұйымдастырушылық-басқарушылық аспектісін білдіреді. Мұнда келесі мәліметтер орын алады:
 сараптаманы тағайындаған орган мен тұлға;
 сараптаманы тағайындаудың негіздері (белгілі-бір іс бойынша қаулы
немесе ұйғарым шығару);
 зерттеу объектілерінің тізімі (заттай дәлелдемелер, салыстырмалы
зерттеу үшін үлгілер);
 объектілерді жеткізудің тәсілдері;
 сараптамаға қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (аты-жөні,
процессуалдық жағдайы);
 сараптаманың алдына қойылатын сұрақтар.
Бірнеше сұрақтар қойылған кезде, сарапшы ол сұрақтарды зерттеудің
тәртібіне ыңғайлы ретте бірақ, мазмұнын жоғалтпайтындай топтастыра алады. Егер, сарапшыға қойылатын сұрақтар қаулыда немесе ұйғарымдарда нұсқауларға сәйкес құрастырылмаса, бірақ оның мазмұны сарапшыға түсінікті болса, сарапшы оның алғашқы мазмұның өзінің арнайы білімдеріне сәйкес қалай ұғынатынын мәлімдеуі қажет.
Фактілер құқықтық бағалауды қажет ететін жағдайларда, ескертпе ретінде сарапшы мұндай сұрақтарға жауап беру мүмкін еместігін түсіндіреді: қаулыда сұрақтар көрсетілгенннен кейін, сараптаманы тағайындаған органмен келісе отырып және заңнамаларды басшылыққа ала отырып, өз бастамасымен істің мәнін шешуге бағытталған сұрақтар қоя алады:
 ақысын төлеуге қатысты азаматтық іс бойынша сараптаманы тоқтата тұру;
 қосымша материалдар қажет ету туралы сарапшының сұранысы (арыздың берілген күні, оған алынған жауап, оны қарастырудың нәтижелері);
 сарапшы туралы мәліметтер (сарапшылар): аты-жөні, білімі, ғылыми дәрежесі, сараптамалық мамандығы, еңбек стажы;
 сарапшыны жалған жауап бергені үшін қылмытық жауапкершілікке тартылуы туралы мәлімет (арнайы зерттеулер жүргізілгенде аталған тармақша орын алмайды).
Қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді сараптама жүргізілгенде, сарапшы қорытындысының кіріспе бөлімінде, жоғарыда аталған жағдайлардан басқа, ерекше түрде сараптаманың түрі көрсетіледі, алғашқы сараптама туралы мәліметтер көзделеді, алғашқы сараптама қорытындысының күні мен номері, сол сарапшының аты-жөні, сараптама органының аталуы, фактілі мәліметтері мен нәтижелері, сол сияқты жаңадан сараптама тағайындалудың негіздері.
Қорытындының зерттеу бөлімінде барлық зерттеу процесі мен оның нәтижелері, анықталған фактілердің ғылыми негізделуі қөрсетіледі, атап айтсақ:
 сыртқы қарау: сараптамалық зерттеуге жататын объектілердің күйі сипатталады;
 сараптамалық қараудың, эксперимент жүргізудің мақсаты мен жағдайлары мен нәтижелері көрсетіледі, салыстырмалы зерттеу үшін үлгілер алынады;
 сараптамалық зерттеу кезінде қолданылған әдістердің тізімі, оларды қолданудың техникалық жағдайы, алынған нәтижелер;
 қойылған сұрақтарға жауап беру үшін сарапшымен қолданылатын анықтамалық-нормативті материалдарға сілтеме, зерттеу кезінде қолданылған арнайы әдебиттер, сол сияқты қолданылған иллюстрацияларға сілтеме;
 тергеу әрекеттерінің нәтижелері (жауап алу, қарау, эксперимент) егер олардың қорытынды беру кезінде маңызы болса;
 жеке зерттеу мен олардан алынған нәтижелерін бағалау.
Егер, сарапшының алдына қойылған сұрақтарға жауап берілмесе, зерттеу бөлімінде оның себептері көрсетіледі.
Зерттеу бөлімі сараптамалық білімі жоқ адамдарға түсінікті тілде жазылады, яғни аталған бөлімде қолданылатын терминдерге қосымша түсініктеме беріп талқылау қажет емес.
Сарапшымен қолданылған әдістемелерді толығымен бағалау мүмкін болғанда, қажет жағдайда, алынған нәтижелердің дұрыстығын тексеру мүмкін болған сәтте ғана зерттеу әдіснамасын қолдануы суреттеледі.
Синтездеу бөлімі барлық жасалған зерттеудің нәтижесін білдіреді және жеке бөлім ретінде орын алады, егер:
 біршама объектілерді зерттеу қажет болса;
 күрделі объектілерді зерттеу;
 кешенді әдістерді қолдану қажет болса;
 кешенді және комиссиялық сараптамалар жүргізген жағдайда.
Қорытынды бөлімінде сараптаманың алдына қойылған сұрақтарға жауап беріледі. Нәтижелер әдеби тілдің нормаларына сәйкес қарастырылады (әр түрлі талқылануға жатпайды).
Сараптаманың қорытындысы сараптама жүргізген сарапшының қолымен куәландырылады, егер комиссиялық сарапшылармен жасалса, әр бір комиссия мүшесімен қол қойылады. Қорытындыға қойылған қолдар мекеменің мөрімен бекітіледі.
Қорытынды бере алмау мүмкіндігі туралы хабарлама
процессуалды құжат ретінде 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негіздемеден және қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлімінде қорытынды бөліміндегі мәліметтер жазылады. Ал қорытынды бөлімінде әр бір қойылған сұрақтарға жауап беру мүмкін еместігі туралы хабарлама жазылады. Сарапшының қорытындысы сотта жарияланады және қазіргі кездегі техникаларды қолдану арқылы көрсетеді (аудио, бейне жазбалар, сызба, кестелер). Қорытындыны хабарлағаннан кейін, процестің қатысушылары сарапшыға қорытынды бойынша сұрақтар қоя алады.
Сарапшыдан жауап алу тек сарапшының қорытындысы жарияланғаннан кейін жүргізіледі және жүргізілген зерттеудің шегінде ғана сұрақтар қойылады.
Сот өндірісінде сарапшы қорытындысының орны ерекше, сондықтан оның жағдайларына дәлелдеменің қайнар көзі ретінде бағалауына жеткілікті түрде назар аудару қажет.
Ең алдымен қорытындыны бағалауды келесі жағдайларды ескеруі қажет: сарапшының қорытындысы дәлелдеме ретінде дәлелдеу субъектілері үшін міндетті емес, қорытындымен келіспеу негізделген болуы керек.
Сараптама қорытындысын дәлелдеме ретінде бағалаудың жалпы ережелерімен қатар, ғылыми негізделуі бар жағдайлар ерекше бағалауды қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет