Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Сараптама тағайындау қаулысының құрылымын сипатта



бет7/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

6.Сараптама тағайындау қаулысының құрылымын сипатта
Сот сараптамасын тағайындау барысында ұйымдастырушылық сұрақтарды шешіп алу қажет. Аталған жағдай процессуалдық шешім қабылдауға, сот сараптамалық мекемені тағайындауға немесе нақты сарапшыны таңдауға түрткі болады.
Ұйымдастырушылық сұрақтар сараптаманы тағайындаудың сатысына қатысты болады, олар өз алдына дайындық және сараптаманы тапсыру сатыларына бөлінеді.
Дайындық сатысы ұйымдастырушылық сұрақтарды шешуді қажет ететін келесі кезеңдерге бөлінеді:
 Сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылдау.
Аталған кезең, алдын-ала тергеу процесі немесе сот талқылау кезінде, іс үшін маңызды мән-жайларды анықтау үшін арнайы ғылыми білімді қолдануды қажет ететін жағдайлардың пайда болуын білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, сот немесе тергеу үшін дәлелдерді арнайы ғылыми білімді қолдана отырып алу қажет болғанда, олар сот сараптамасын тағайындау туралы
процессуалды шешім қабылдайды.
 Сот сараптаманың нақты түрін анықтау.
Аталған сұрақты шешу сараптамалық білімді тартуды қажет
етеді.Осыған қатысты сот, тергеуші орын алатын сараптамалардың топтарын және олардың мүмкіндіктерін жақсы білуі қажет. Мәселен, сараптаманың процессуалдық түрін (қосымша, қайталама) қате анықтау, сараптаманы тағайындаудың процессуалдық кемшіліктеріне әкеп соғуы мүмкін, яғни сарапшының сараптама жүргізуден бас тартуын айтамыз.
 Сараптамалық сұрақтарды шешетін міндеттерді анықтау. Тергеуші (сот) алдында тұрған міндеттерді нақты анықтап алуы қажет, ол өз алдына сараптамалық мақсаттарды шешуге ықпал етеді, сараптама
жүргізудің қажетті және жеткілікті шектерін анықтайды.
 Сарапшыға қойылатын сұрақтарды құрастыру.
Тергеуші (сот) сараптаманың түрі мен міндеттерін анықтап алған соң,
сарапшының алдына қойылатын сұрақтарды анықтап алуы қажет. Дәлелдеу субъектілері әдістемелік және процессуалдық талаптарды басшылыққа ала отырып, сараптамалық сұрақтарды анықтау қажет. Сұрақтар сарапшының құзыретінің және мамандығының шегінен тыс болмауы қажет.
Сарапшының алдына қойылатын сұрақтар логикалық реттілікпен құрастырылуы қажет, яғни ең алдымен сот, тергеуге қажет маңызды жалпы фактілерді, кейін нақты мән-жайларды анықтау керек.
Өзінің мазмұны жағынан сарапшыға қойылатын сұрақтар нақты бола тұра, қатысушылар үшін қарапайым және түсінікті болуы қажет.
Заң шығарушымен сарапшыға құқықтық мазмұндағы сұрақтар қоюға тыйым салынады.
Сараптама жүргізу үшін қажетті алғашқы деректерді дайындау.
Тергеуші (сот) сараптамаға жолданатын материалдармен танысып алуы қажет. Мұндай зерттеу объектілеріне сараптамалық зерттеу үшін қажет үлгілерді, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер бойынша материалдарды
оның ішіндегі зерттеуге жататын заттай дәлелдемелерді, құжаттарды айтамыз.
Алғашқы деректерді беру кезінде тергеуші (сот) аталған объектілерге қойылатын жол берушілік, шынайлық, қатыстылық сияқты процессуалдық талаптарды ескеруі қажет.
Сот сараптамасын тағайындау барысында, сараптаманы тапсыру сатысы маңызды рөлге ие, ол өз құрамына келесі элементтерді кіргізеді, олар:
 Сараптаманы тағайындау туралы қаулы шығару;
 Сарапшыны немесе сараптамалық мекемені таңдау;
 Материалдарды сарапшыға не сарптама органдарына жіберу.
Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулының нысаны мен мазмұны процессуалды құжат ретінде арнайы қарастырылуға жататын мәселе. Сол сияқты, жоғарыда көзделеген ұйымдастырушылық сұрақтар аталған құжаттың орындалуына әсер етеді және оның жағдайларының сарапшы не сараптамалық мекемелермен толық түрде жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Материалдарды сараптамаға жіберу дәлелдеу субъектілерімен тікелей не пошта арақылы жүзеге асырылады. Тергеуші (сот) барлық жағдайда сараптамалық объектілерді олардың қолайсыз үлкендіктігіне немесе басқа себептерге қатысты қаулымен бірге сараптамалық мекемеге жолдай алмайтынын да ескеру қажет. Мұндай жағдайда процессуалдық заңдардың талаптарына сәйкес, объектілердің қорғалуы және сараптамалық органдарға жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Барлық жағдайда процесс жетекшілеріне сараптаманы тағайындау туралы қаулыны сарапшыға немесе сараптама органына жіберудің мерзімін тіркеу қажет.
Материалдарды сараптама органына жібергеннен кейін сарапшылар сараптама жүргізудің мерзімі тергеушімен (сот) белгіленетінін білуі қажет. Аталған мәселе «ҚР сараптамалық қызметі» туралы Заңның 25 бабымен реттеледі, ол өз алдына келесі жағдайларды белгілейді:
 Сот сараптамасын жүргізу мерзімі сот сараптамасы органы не сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын, сот сарапшысы ретінде тартылған адам сот сараптамасын және оның объектілерін тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап есептеледі.
 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы көздеген ерекше жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасын жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс.
 Сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзартуды сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелді өтініші бойынша сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) жүзеге асырады.
Сот сараптамасын жүргізу үшін адамның медициналық ұйымда 25
болу мерзімдерін ұзартудың ерекшеліктері осы Заңның 37-бабының 2
және 3-тармақтарында белгіленген.
 Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындаудың жалпы
критерийлерін, олардың күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет