Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Криминалистикалық фотографияның әдісін түсіндіру



бет5/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
3.Криминалистикалық фотографияның әдісін түсіндіру.
Криминалистік фотография дегеніміз тергеу іс-әрекеттерінде, жедел-іздестіру және сот сараптамасында пайдаланылатын фотосуретке түсірудің ғылыми негізде анықталып айкындалған әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Криминалистік фотография қолданылатын тәсілдер мен әдістер өздерінің қолдану міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот-тергеуі және сот зерттеуі фотографиясы болып үш топқа бөлінеді.
Қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін фотосуретке түсіру.
Оқига болган жерді фотога түсіру. Оқиға болған жерді фотоға түсіру, ондағы заттарды, табылған іздерді, қылмыс қаруын мәйітті табылған күйінде көрсету мақсатында қолданылады. Жақсы бейнелер алу үшін суретке түсіру орны жарық қажет негативтік фотоматериал тауып жарық фильтрін қолдану қажет.
Тінту барысында суретке тусіру. Фотоға түсіру тінтудің нәтижесін бекітетін құралдардың бірі болып табылады және де тінту жүргізілген жерді, табылған құпия орындарды, тінту барысында алынған заттарды сол күйінде фотоға түсіру бөлмеде өткізілетіндіктен, жарық заттарға біркелкі түспейді. Сондықтан заттарды терезеге жақынырақ қояды. Бүкіл бөлмені құпия орынды суретке түсіру үшін, қосымша жарық көзін қояды.
Зерттеу эксперименті барысында суретке түсіру. Фотоға түсіру зерттеу эксперименті өткен жерді немесе оның жеке кезеңдері мен нәтижесін көрсету үшін қолданылады.
Атап айтқанда ғимаратқа кіру мүмкіндіктері, үйдің үсті, балкон, жүк автомобилінің кузовы және т.б. бекітіледі.
Тірі ағзаларды фотога түсіру. Қылмыскерлерді қылмыстық тіркеу кезінде, оларды таныту үшін, эксперименттік теңестіру үшін, сондай-ақ куәландыру нәтижесін бекіту үшін суретке түсіреледі.
Өлікті фотога түсіру. Фотоға түсіру арқылы өліктің орнын, күйін, түрін және киімін бекітеді. Танылмаған өліктерді тіркеу үшін өліктің бетін сондай-ақ таныту жұмыстарын жүргізу үшін суретке түсіреді.
Панорамалық фотога түсіру — объектіні толық көрсете алмаған жағдайда, сондай-ақ объектіден алыс қашықтыққа бара алмаған жағдайда қолданылады.
Өлшемді фотога түсіру объектілердің көлемін, олардың арақашыктығын есептеу үшін қолданылады. Ол масштабты және метрикалық болып бөлінеді. Масштабты түсіру заттың көлемін анықтауға көмектеседі.
Масштабты фотогатүсіру барысында фотографиямен бірге масштабты сызғыш та қоса түсіріледі. Масштабты түсіруде кішірейту бір мөлшерде болу үшін екі шартты орындау қажет:
— масштабты сызғышты тек объектінің жанымен ғана емес, объектінің жазықтығымен бірдей түсіру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет