Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Криминалистикалық суреттің түсінігін беру



бет4/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

1.Криминалистикалық суреттің түсінігін беру.
Криминалистік фотография дегеніміз тергеу іс-әрекеттерінде, жедел-іздестіру және сот сараптамасында пайдаланылатын фотосуретке түсірудің ғылыми негізде анықталып айкындалған әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Криминалистік фотография қылмысты ашу және тергеу үшін қажетті мәліметтерді беруде: құжаттылығымен, көрнектілігімен, жоғары дәлділігімен, шынайылығымен және жағдайды тез бекітуімен ерекшеленеді. • Криминалистік фотография жалпы фотографияға негізделгенімен, оның өзіндік бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:
а) түсіретін нысанның өзіндік міндеттемесі, яғни тергелетін қылмыстың оқиғаларымен байланыстылығы (заттай айғақтар, орын, мәйіттер, т.б.);
ә) криминалистік фотографияны қолданатын арнайы субъектілердің болуы (тергеуші, анықтаушы, жедел қызметкер, учаскелік инспектор, маман-криминалист, сарапшы);
б) фотосуретке түсіру мақсаты қылмыстық істерді тергеу және ашу үшін маңызы бар фактілерді табу, бекіту, жинау және пайдалану;
в) арнайы құралдарды, құжаттарды қолдануы. Мәселен, кезекші камерасы, С-64 құралы, микрофотонасадка МРКА және т.б.
г) суретке түсірудің арнайы тәсілдерін қолдануы ерекшеліктері (мысалы: қан іздері, аяқкиім іздері);
д) суреттерді қолдан қосымша өзгертуге болмайтындығы (мәселен, ретуші — бұл фотобейненің механикалық түзетудің тәсілі; қателерді карындаштармен, бояулармен, қырғыш скальпельдермен дұрыстау. Ретуші суретке бейнеленген детальдардың мінездемесін, суретке түсірудің объектілерінің ерекшелігін өзгертеді, ал сот және тергеу үшін объектілер туралы айқын көріністі бейнелейді).
е) заңға және нормативтік актілерге негізделген ерекше тәртіппен толтырылған фотосуреттер мен фотокестелер.
Криминалистік фотография қолданылатын тәсілдер мен әдістер өздерінің қолдану міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот-тергеуі және сот зерттеуі фотографиясы болып үш топқа бөлінеді.


2.Бейнелеу суретінде қолданатын әдісті сипаттау.
Криминалистикалық тəжірибеде бейнелеуші суретке түсірудің жағдайы мен мақсаттарына байланысты панорамалық, өлшеуші, репродукциялық, сигналдық, стерео жəне макро суретке түсіру əдістері қолданылады.
Панорамалық фотоға түсіру – бұл кəдімгі жəне арнаулы фотоаппараттың көмегімен бір-бірімен байланысқан кадрларды біріктіріп суретке түсіру.
Осы түсірілген фотосуреттер жалпы бір суретке біріктіріліп – панорама құрастырылады. Бұл əдіс бір кадрға симайтын ұзын, биік үйлерді, ұзын учаскелерді, автотранспорт құралдарының протекторларының іздерін т.с.с. суретке түсіргенде қолданылады. Панорамалық суретке түсіру – горизонтальдық немесе вертикалдық болуы мүмкін.
Панорамалық суретке түсіру – шеңберлік (круговая) жəне сызықтық (линейная) суретке түсіру əдісі болып екіге бөлінеді.
Шеңберлік панорамамен суретке түсіру бір орында тұрып жүргізіледі. Фотоаппарат штативке бекітіліп, ол өзінің горизон- таль осі бойынша айналдырыла отырып суретке түсіреді. Əрбір келесі түсірілген сурет алдыңғы суреттің 10% көлемін қамти отырылып түсірілуі керек. Барлық суреттер бірдей жағдайда (арақашықтық, жарық, ұстаным, диафрагма т.б.) түсіріледі. Сурет- ке түсіру 50 м кем емес қашықтықта жүзеге асырылады
Сызықтық панорамамен суретке түсіргенде фотоаппарат түсірілетін объектіге параллель бағытта қозғалтыла отырғызылып жүргізіледі.
Бұл əдісте де шеңберлік панорамамен суретке түсіруге қойылатын талаптар бойынша суретке түсіру жүзеге асырыла- ды, тек аппаратты объектіге параллель түзу бағытта, тұрақты ара қашықтықта ұстау керек.
Шеңберлік панорамалық суретке түсіру схемасы. Сызықтық панорамалық суретке түсіру схемасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет