Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


ҚР ҚІЖК 285 бапты түсіндір (сарапшыдан жауап алу)



бет58/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

92. ҚР ҚІЖК 285 бапты түсіндір (сарапшыдан жауап алу).
Сарапшыдан немесе маманнан жауап алу: 
1) сарапшының немесе маманның қорытындысына байланысты іс үшін елеулі мәні бар, қосымша зерттеуді қажет етпейтін мәселелерді анықтау; 
2) сарапшы, маман қолданған әдістерді және пайдаланылған терминдерді нақтылау; 
3) қорытындының құрамдас бөлігі болып табылмайтын, бірақ сарапшының немесе маманның сотқа дейінгі процеске қатысуына байланысты басқа да фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат алу; 
4) сарапшының немесе маманның біліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. 
2. Сарапшы мен маманнан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі. 
3. Сарапшыдан, маманнан олар қорытынды бергенге дейін жауап алуға тыйым салынады. 
4. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған, өзінің қорытындысына қатысы жоқ мән-жайлардың себептері бойынша жауап алынбайды.


93.Маманның құқықтың міндетін түсіндіру
Сот сарапшысының құқықтық мәртебесін анықтау кезінде оның сот өндірісіндегі қолданатын арнайы білімінің және маман ретіндегі білімін бір- бірінен ажырату керек.
Аталған субъектілердің алуан-түрлі құқықтық реттеу мәртебесін ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, маман ретінде аранайы білімі бар кез- келген іске мүдделі емес тұлғалар бола алады.
Тұлғаны сот сарапшысы деп тану үшін, арнайы ғылыми білім мен оның іске мүдделі еместігі жеткіліксіз, сол сияқты сарапшының құзыреттілігін бекітетін және біліктілік куәлігін ҚР Әділет Министірлігі береді. Ал жеке сарапшылар өз қызметтерін Әділет Министірлігі беретін лицензия негізінде жүзеге асырады және оларды Қазақстан Республикасының сот сараптамалық Мемлекеттік реестріне енгізеді.
Жоғарыда аталған кепілдіктер мамандарда жоқ, олар тергеуші мен сотқа бағынады. Мамандарды шақыру түрі ерікті түрде жүзеге асырылады, ал сарапшыларды соттың (тергеуші) қаулы (ұйғарым) шығаруы арқылы шақырады. Сарапшының іске қатысуы оның арнайы ғылыми зерттеулерді жүргізуінде жатыр, ал маман іс бойынша дәлелдемелерді табу, бекіту және алып тастау үшін қатыстырылады.
Сот сарапшысы қызметінің нәтижесі процессуалдық құжаттарда өзінің көрінісін табады – мәселен, заңда дәлелдеме ретінде көзделген сарапшының қорытындысы, ал маманның қызметі тергеу (сот) әрекеттерін жүргізу хаттамаларында немесе хаттамамен қатар тіркелетін жазбаша құжаттарда көрсетіледі.
Тергеушінің (соттың) аталған субъектілердің қызметтерін бағалау салдарыда өзгеше. Заң бойынша дәлелдеу субъектілері, сарапшының қорытындысымен келіспесе, ол туралы негізделген қаулы шығару керек. Мұндай жағдай маманның қызметін бағалауға қатысты қолданылмайды, олардың қызметі тергеуші (сот) белгілеген жалпы тәртіп бойынша бағаланады.
Жоғарда қөзделген мән-жайларды және сот өндірісіндегі міндеттерін ескере отырып, сот сарапшының және маманның құқықтары мен міндеттері реттеледі. Сот сарапшының мәртебесі нақты белгіленген, өйткені сот сараптамасы жеке процессуалдық әрекет болып табылады.
Маман мен сарапшының арасындағы ерекшеліктерді олардың қызметінің мазмұнымен толықтырған жөн. Мәселен, аталған тұлғалардың азаматтық және қылмыстық процессте қолданатын арнайы білімдерін бағалауымыз қажет.
Сот өндірісінде қолданатын арнайы білімдердің мазмұнына шек қоюдың бірнеше себептері бар, бастысы сараптамалық тәжірбиеге сүйенсек, сарапшының алдына құқықтық мазмұндағы сұрақтарды тергеу (сот) органдарымен қойылуы. Атап айтсақ, 2001 жылғы 13 желтоқсандағы ҚР Жоғарғы сотының № 21 «Азаматтық істерді сотқа дайындау» атты нормативті қаулысында, сот сарапшыларына құқықтық мазмұндағы сұрақтарды шешуге тыйым салады, аталған сұрақтарды шешу сот (тергеу) органдарының құзыреттілігінде жатыр.
Нақтысында сот сараптамасын маманның арнайы білімінен оның негізгі үш элементтері ажыратып отыр: арнайы ғылыми зерттеу барысында объектілердің белгілерін анықтау, олардың ғылыми анықтамасы және соның негізінде жаңа нәтижелі білім алуында. Кері жағдайда сот сараптамасының арнайы ғылыми білімге негізделе отырып, жасалатын зерттеу деп айту мүмкін емес. Ал маманның зерттеулері, белгіленген объектілердің белгілерін анықтау үшін ғылыми анықтаманы тұжырымдамайды (интерпритация), тек оларды анықтаумен шектеледі. Сол сияқты, мамандар дәлелдемелерді іздеу, бекіту және алу кезінде олардың құқықтық білімнің болуын қажет етеді (криминалист-маман).
Сонымен, сот сараптамасы сот өндірісіне арнайы білімді тартатын біліктілік нысанның бірі. Сот сараптамасы процессуалдық құқықтың институты ретінде ерекше белгілерге ие, соның нәтижесінде ол сараптаманың тағайындау, зерттеу жүргізу, нәтижелерін рәсімдеу және баға беру тәртіптерін реттейді. Оларға келесілер жатады:
Тергеушінің (соттың) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы (ұйғарым) шығару тапсырмасы;
зерттеуді арнайы субъект – сот сарапшысы жүргізеді;
Сот сарапшысының құқықтыры мен міндеттерін көздейтін процессуалдық мәртебесі;
Сарапшының тәуелсіздік құқықтық кепілдері мен қорытындысы дұрыстығының құқықтық кепілдерінің заңмен белгіленуі;
Сот сарапшысында арнайы ғылыми білімнің болуы және соның негізінде фактілердің ғылыми негізделіп тұжырымдалуы;
сарапшы қорытындысының – нәтижелі құжат ретінде процессуалдық реттелуі;
Сарапшы қорытындысының жеке дәлеледеме ретінде қарастырылуы;
Сарапшы қорытындысымен келіспеу шешімі дәлеледеу субъектілерімен негізделуі қажет;
Алғашқы сараптама қорытындысының негізсіз немесе оның дұрыстығы күмән тудыратын болса, не сараптаманың жүргізілуінде процессуалдық норманың ережелері едәуір бұзылған жағдайда қайталама сараптаманы тағайындау мен басқа сарапшыға сараптама жүргізуді тапсыру мүмкіндігі;
Сонымен, сот сараптамасы сот өндірісіне арнайы білімді тартатын біліктілік нысаны ретінде спецификалық белгілерге ие, сол арқылы сараптама дәлелдеу субъектісінің процессуалдық қызмет жүйесінде жеке құқықтық институт ретінде орын алады.
Қазақстан Республикасы «Сот-сараптамалық қызмет» туралы Заңның 1 бабында көрсетілгендей: сот сарапшысы – осы Заңның талаптарына сәйкес келетін, қылмыстық процесті жүргізуші орган (адам), сот не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) заңда белгіленген тәртіппен сот сараптамасын жүргізуді тапсырған адам.
Сот сарапшының мәртебесін құқықтық реттеудің негізгі жағдайларын білуі, тәжірбиеде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша арнайы білімнің сот өндірісінде қолданылуын қажет ететін жағдайларда, нақты сарапшыны іске тартудың мәселелерідұрыс шешуге ықпал етеді.
Сарапшының сот өндірісінде қатысуының процессуалдық мәнін ескере отырып, оның зерттеу нәтижелерінің іс бойынша дәлелдеме болуына байланысты, заңгер сарапшының процессуалдық тұлға ретінде орын алуына қатысты белгілі бір талаптар қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет