103. Сот сараптамасының даму бағыттарын сипаттау. Өзінің дамуының қазіргі кезеңінде сот сараптамасының ғылыми негіздері пәнаралық жалпы теорияның қалыптасуын білдіретін – сот экспертологиясы болып табылады. Сот сараптамасының жалпы теориясы жеке ғылым ретінде танылуы екі түрлі қызметті атқарады: бір жағынан, қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік процесске басқа ғылымдардан алынған мәліметтерді тарту бойынша мақсаттарды шешуге қабілетті біріктірілген білім ретіндегі оның теориялық жалпылау деңгейін атап көрсетеді, ал екінші жағынан – сол процессте қолданылатын басқа білімдерден оны шектеп отыру үшін қызмет етеді.
Сот сараптамасы – сот өндірісіндегі арнайы сараптамалық білімдерді заңды және ғылыми негізделген түрде қолдану мақсатымен сот сараптамасының әдіснамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру және дамытудың заңдылықтарын анықтауға бағытталған білімнің саласы.
Сот сараптамасының пәні ғылыми саланың бір бөлігі ретінде келесі
заңдылықтардың оқып танылуын қарастырады:
ғылыми білім ретіндегі сот сараптамасының қалыптасуының, құрылуы мен дамуының әдіснамасын көрсететін заңдылықтар;
сот-сараптамалық қызметінің процессуалдық мәнін зерттеуді және осы негізде оның құқықтық реттелуін жетілдіру бойынша ғылыми ұсыныстардың әзірленуін қамтамасыз ететін заңдылықтар;
сот өндірісіндегі сот сараптамалық қызметін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ғылыми ұйымдастыру және әдістемелік негіздерін қалыптастыру заңдылықтары.
104. Сот сараптамасын тағайындаудың заңды және нақты негіздерін көрсету. Сот өндірісіне қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кезінде, әсіресе сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезіндегі аталған жағдайларды қорғаудың кепілдіктері қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген. Мәселен, қылмыстық процесте сараптаманы тағайындау және оны
жүргізу кезінде сезікті, жәбірленуші, куә және медициналық мәжбүрлеу шаралары қолданылған тұлға егер оның психикалық ахуалы мүмкіндік беретін болса, келесі құқықтарға ие:
- сараптама жүргізілгенге дейін сараптаманы тағайындау туралы қаулымен танысып, құқықтарына қатысты түсініктеме ала алады, сол туралы хаттама жасалады;
- сарапшыдан бас тарту туралы өтініш беру немесе сот сараптама органының сараптама жүргізуге шеттету туралы сұраныс бере алады.
Процесті жүргізуші орган қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру барысында ҚІЖК 96 баб. сәйкес сарапшыдан бас тартудың негіздерін де түсіндіруі қажет.
- нақты тұлғаны немесе сот сараптама органының нақты қызметкерін сарапшы ретінде тарту және комиссиямен сараптама жүргізу туралы сұраныс ете алады.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган сұранысты қарастыру кезінде, ұсынылып отырған сарапшының құзыреттілігін тексеру және одан бас тарту
негіздерінің бар-жоғын тексеруі керек. Сараптаманы комиссиямен жүргізу
үшін, ҚР ҚІЖК 249 баб. көзделген негіздер орын алуы қажет.
- сарапшыға қосымша сұрақтарды қою немесе қойылған сұрақтарға түсініктеме беру туралы сұраныс етуге.
Сұранысты қарастыру барысында, процессті жүргізуші орган, сұрақтарды құрастыру нысанына көмек көрсетуі керек (егер сұрақтар арнайы ғылыми білімнің қолданылуын қажет етсе).
- процесті жүргізуші органның рұқсатымен, сараптама жүргізуге қатысуға және сарапшыға түсініктеме беруге болады.