Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Тендестірушілік деңгейдегі сарапшылық міндеттерді шешудің



бет59/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   79
94. Тендестірушілік деңгейдегі сарапшылық міндеттерді шешудің мақсатын түсіндіру.
Теңдестірушілік сарапшылық зерттеудің мақсаты жекелей белгілі объектілердің тепе-тендігін немесе материалдық белгілер көріністері бойынша олардың шығу көздерін анықтау болып табылады. Теңдестірушілік міндеттерді шешу екі кезенде жүзеге асырылады: 1-тендестірілетін және тендестіруші объектілердегі жалпы (толық) белгілердің сәйкес келуін анықтау, 2-дараланатын объектілердің сәйкес келетін және белгілерінің жиынтығы бойынша жекелей — белгілі объектілердің тепе-теңдігін анықтау. Егер объектіні дараландыруға сәйкес келетін жеке белгілер жеткіліксіз болса, онда тендестірушілік міндетті шешу объетінің топтық қатыстылығын анықтаукмен аяқталады. Тендестірушілік мндеттердің мысалдары жазуы бойынша қолжазба мәтінінің орындаушысын, атылған оқ-дәрілері бойынша атыс қаруының нақты данасын, бөліктердің бір құжатқа қатыстылығып анықтау болып табылады.
Ситуалогиялық (ситуациялық) зерттеудің мақсаты жеке оқиғаларды анықтау блып табылады, олардың негінде қылмыстық іс ауқымындағы жалпы оқиға механизміне қайта құру жүргізіледі. Ситуологиялық міндеттерге, мысалы, нақты жағдайларда мылтықтың өздігінен атылып кету мүмкіндігін анықтау, суық қарумен зақымдар салу шарттарын анықтау жатады.
Бүтіндей, деңгейлік амалды мойындай отырып, көптеген авторлар жіктеу деңгейлері мен негіздері тізбесінің өз нұсқаларын ұсынады. Бұл тәсіл сарапшылық таным деңгейі туралы көз-қарас пен сарапшылық технологияға бағдарланған.
Н.Т.Малаховская диагностикалық, жіктеушлік, тенестірушілік және ситуологиялы деңгейлер туралы айта отырып, “бұл — сарапшылық зертеудің негізгі әдістерінің деңгейлері… олардың негізінде жеке әдістер және нақты сараптамаларды зерттеудің әдістемелері әзірленеді, басқаша болса, олар методологиялық деңгейлер болып табылады” деп шынайы көрсеткен.


95.Сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу құқығын сипаттау.
ҚІЖК-нің 241-бабына сәйкес сараптаманы тағайындау:
Өлімнің себептерін анықтау үшін;
Денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін анықтау үшін;
Іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе күмән туғызғанда сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтау үшін;
Ақыл есінің дұрыстығы немесе қылмыстық іс жүргізуде өз құқықтарымен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеті жөнінде анықтау органы, тергеуші немесе сот күмән тудырғанда сезіктінің, айыпталушының психикалық немесе тәннің жай-күйін анықтау үшін;
Іс үшін манызы бар жағдайларды дұрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабілетіне күмән туған жағдайда жәбірленушінің, күйнің психикалық немесе тәнінің жай-күйін анықтау үшін;
Қылмыстық заңда өлім жазасы түріндегі жаза көзделген қылмысты жасаған айыпталушының психикалық жәй-күйін анықтау үшін;
Істің өзге мән-жайы басқа дәлелдермен дәл анықталмайтын өзге мән жайларды анықтау үшін міндетті.
Өлімнің себептерін анықтау сот медециналық сараптама тақырыбына жатады. Тек мәіт болмаған жеке жағдайларда, өлімнің фактісі мен себептерін анықтау өзге өзге тергеу әрекеттері негізінде жүргізіледі.
Сот медециналық сараптаманы жүргізу тән жарақаты сипатымен бірге (жаралар, көгерген, қан ұйыған жерлер), денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлық дәрежесін анықтауда да міндетті.
Адамның психикалық жәй-күйін анықтау сот психиатриялық сараптама тағайындау жолымен жүргізіледі. Ол: а) тергеуші кабинетінде, б) амбулаториялық жолмен, в) стационарлық жолмен, г) сот отырысында, д) сырттай, е) өлгеннен кейін жүргізілу мүмкін.
Сот медециналық немесе сот психиатриялық сараптаманы амбулаториялық не стационарлық зерттеу жолымен жүргізу тәсілін сарапшының (сарапшылардың) пікірін ескере отырып қылмыстық істі жүргізуші орган шешеді. Адамды стационарлық байқау үшін тиісті медециналық мекемеге жібері туралы шешеім сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетіледі. Ол сарапшы (сарапшылар) үшін де, сондай-ақ медециналық мекеме әкімшілігі үшін де міндетті. Адамды медециналық мекемеге жіберу туралы мәселе сараптама жүргізу барысында туындаса, онда ол туралы сарапшының өтініші негізінде ерекше қаулы шығарылады.
Амбулаториялық зерттеуге шақыру күәдан, жәбірленушіден жауап алу үшін белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Іс мән-жайлары тек сараптама жүргізу нәтижесінде анықталуы мүмкін жағдайлардың мысалы есірткілерді заңсыз айналымымен баланысты қылмыстық істер бойынша іс жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3 “Есірткілердің, психотороптық, күшті әсері бар және улы заттардың заңсыз айналымымен байланысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралы” қаулысына сәйкес заңсыз айналымдағы табылған аталған заттардың нақты түрін, атауын, мөлшерін анықтау үшін, сондай-ақ оларды әзірлеу үшін пайдаланылатын аспаптар мен құрал-жабдықтардың жарамдылық фактісін анықтау үшін криминалистік сараптама жүргізу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет