Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаның



бет62/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79
99.Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаның нысаны мен мазмунын сипаттау.
Қорытынды бере алмау мүмкіндігі туралы хабарлама процессуалды құжат ретінде 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негіздемеден және қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлімінде қорытынды бөліміндегі мәліметтер жазылады. Ал қорытынды бөлімінде әр бір қойылған сұрақтарға жауап беру мүмкін еместігі туралы хабарлама жазылады. Сарапшының қорытындысы сотта жарияланады және қазіргі кездегі техникаларды қолдану арқылы көрсетеді (аудио, бейне жазбалар, сызба, кестелер). Қорытындыны хабарлағаннан кейін, процестің қатысушылары сарапшыға қорытынды бойынша сұрақтар қоя алады.
Сарапшыдан жауап алу тек сарапшының қорытындысы жарияланғаннан кейін жүргізіледі және жүргізілген зерттеудің шегінде ғана сұрақтар қойылады.
Сот өндірісінде сарапшы қорытындысының орны ерекше, сондықтан оның жағдайларына дәлелдеменің қайнар көзі ретінде бағалауына жеткілікті түрде назар аудару қажет.
Ең алдымен қорытындыны бағалауды келесі жағдайларды ескеруі қажет: сарапшының қорытындысы дәлелдеме ретінде дәлелдеу субъектілері үшін міндетті емес, қорытындымен келіспеу негізделген болуы керек.
Сараптама қорытындысын дәлелдеме ретінде бағалаудың жалпы ережелерімен қатар, ғылыми негізделуі бар жағдайлар ерекше бағалауды қажет етеді.
Аталған жағдайда, қорытынды бойынша сұрақтар туындаса маманнан немесе тікелей сарапшыдан жауап алу жағдайы көзделген. Тергеу немесе сот талқылауында сарапшының қорытындысын бағалау өз құрамына оның қатыстылығын, шынайлығын, жол берушілігін және дәлелдемелік мәнін анықтауды енгізеді.
Тәжірбиеде сарапшы қорытындысының қатыстылығы туралы жағдай ешқандай қиындықтар тудырмайды, өйткені мұндай құжаттың пайда болуына арнайы ғылыми білімді тарту процедурасымен негізделеді.
Сарапшы қорытындысы жол берушілік критерилерін бағалау өз алдына сот сараптамасын тағайындау мен жүргізудің заңға сәйкес талаптарының сақталуын тексеруге бағытталған. Ол өз алдына келесі сұрақтарды шешуге бағытталған:
Сараптаманы тағайындау мен жүргізілуінің заңдылығы туралы; сот Сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде процеске қатысушылардың құқықтарының сақталуы туралы; сот мәжілісінде сарапшыға сұрақтар қойылу процедурасының сақталуы туралы; сарапшының өкілеттігінің болуы мен оның шектен шығып кетпеу мәселесі туралы; сараптамалық зерттеу кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдерінің заң талаптарына сәйкес келуі туралы;сарапшы қорытындысының дұрыс рәсімделуі туралы;
сарапшы қорытындысының реквизиттері мен сараптамаға қатысты өзге де құжаттардың дұрыс болуы туралы;
сарапшыдан бас тарту негіздерінің жоқ болуы туралы шешіледі.
Сарапшының нәтижелерін бағалай отырып, сот не тергеуші сарапшының қандай материалдарды қолданғаны туралы олардың шынайлығын, іске қатыстылығын, зерттеуге жіберілген материалдардың жеткіліктілігіне, салыстырмалы зерттеу үшін үлгілердің дұрыс алынуына назар аудару қажет. Объектілердің жеткіліксіз болуы – сарапшының қателіктеріне әкеп соғады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет