113.Сот сарапшысына қарсылық білдіру жәйттарын түсіндір. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, консультантқа, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру Сарапшы, маман, аудармашы бұдан басқа, егер: 1) ол іске қатысатын адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет бабымен немесе өзгедей тəуелді болса немесе тəуелділікте болып келсе; 2) ол ревизия немесе тексеру жүргізіп, оның нəтижелері сотқа жүгіну үшін негіз болса не осы азаматтық істі қарау кезінде пайдаланылса; 3) оның құзыретіне жатпайтындығы анықталса, оның ішінде іс үшін маңызы бар мəн-жайларды анықтау оның арнайы білімдерінің шегінен шықса, соттың істі қарауына жəне шешуіне қатыса алмайды. Прокурордың, маманның, аудармашының, консультанттың, сот отырысы хатшысының істі мұның алдында қараған жəне сот шешкен кезде тиісінше прокурор, маман, аудармашы, консультант, сот отырысының хатшысы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды. Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін сараптама қайта тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша қосымша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мəн-жай болып табылмайды. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз 1. Азаматтық Кодекстің 38, 39-баптарында көрсетілген мəн-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, консультант, сот отырысының хатшысы өздігінен бас тартуды мəлімдеуге міндетті. Іске қатысатын адамдар сол негіздер бойынша қарсылық білдіруге тиіс. 2. Қарсылық білдірудің (өздігінен бас тартудың) уəжі көрсетілуге жəне ол істі мəні бойынша қарау басталғанға дейін жазбаша түрде мəлімделуге тиіс. Істі қарау барысында қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) негізі сотқа немесе қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) мəлімдеген адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда, қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз берілуі мүмкін.
114.Сот сарапшысының міндеттерін түсіндір. 11-бап. Сот сарапшысының мiндеттерi Сот сарапшысы: 1) Қазақстан Республикасының заңдарымен уəкiлеттiк берiлген орган (адам) өзiнiң алдына қойған мəселелер бойынша ғылыми негiзделген жəне объективтi қорытынды беруге; 2) егер қойылған мəселелер оның арнаулы бiлiмiнiң шегiнен шығатын немесе ұсынылған материалдар қорытынды беру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға; 3) зерттеу əдiстерiн таңдау кезiнде сараптама объектiлерiнiң барынша сақталу талабын ескеруге; 4) оны шақырушы қылмыстық, азаматтық не əкiмшiлiк процесс жүргiзушi органға (адамға), сондай-ақ қылмыстық немесе азаматтық процестiң тарабына шығыстардың сметасы мен келтiрiлген шығыстар туралы есеп ұсынуға; 5) қылмыстық, азаматтық не əкiмшiлiк процестердi жүргiзушi органның (адамның) шақыруы бойынша процеске қатысушыларға қорытындыны табыс ету үшiн келуге; олардың сұрақтарына жауап беруге, сондай-ақ қорытындының мазмұнын түсiндiруге; 6) қылмыстық, азаматтық не əкiмшiлiк процестi жүргiзушi органға (адамға) оның бiлiктiлiгiн растайтын құжаттарды ұсынуға; 7) қылмыстық, азаматтық немесе əкiмшiлiк процестердi жүргiзушi органның (адамның), сондай-ақ тараптардың талап етуi бойынша соттың отырысында өзiнiң кəсiптiк тəжiрибесi мен iс бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдармен қарым-қатынасы туралы хабарлауға; егер ол көрсетiлген адамдармен əлдеқандай қарым-қатынаста болған жағдайда қорытынды беруден бас тартуға; 8) оның қатысуымен жүргiзiлген тергеу қызметi жəне осы ретте анықталған жағдаяттар туралы мəлiметтердi, сондай-ақ жабық сот отырысының деректерiн, сондай-ақ мемлекеттiк коммерциялық немесе өзге д е з а ңм е н қ о р ғ а л аты н қ ұ п и я ны қ ұ р а й ты н, жеке өмiр ге қ ол сұғылмаушылықты қозғайтын жағдаяттар туралы өзiне мəлiм болған деректердi жария етпеуге мiндеттi.