Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Жекелік, комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптамалардын, ерекшеліктерін түсіндіру



бет69/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

108. Жекелік, комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптамалардын, ерекшеліктерін түсіндіру. Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптама тағайындаудың өзіндік ерекшелігі аталған сараптама түрлерін тағайындаудың тәртібін белгілейтін қылмыстық іс жүргізу заңымен анықталады. Комиссиялық сараптама бір мамандықтағы сарапшылардың күрделі сарапшылық зерттеу жүргізу қажеттілігі жағдайында тағайындалады. Егер сараптама тағайындаган органның қаулысында ол комиссиялық болып белгіленбесе, комиссиялық сараптама жүргізу туралы шешімді сот сараптамасы органының басшысы қабылдауға құқылы. Кешенді сараптама іс бойынша бір мән-жайды анықтау үшін әр түрлі сарапшылық мамандыктардын негізінде зерттеулер жүргізу қажет болғанда кезде тағайындалады. Кешенді сараптама тағайындау туралы қаулы, егер ол сараптама тағайындаған органмен дұрыс белгіленбесе, сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті болып табылмайды. Қосымша сараптама қорытынды толық және жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты туындаған қосымша мәселелер туындаған жағдайда негізгі жүргізілгеннен кейін тағайындалады. Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптама тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталама сараптама тағайындау кезде сарапшыға барлық алдыңғы сараптамалардың қорытындылары ұсынылуға тиіс.


109. Сарапшылық зерттеу үшін үлгілердің түсінігі мен оны жіктеудің түсінігін сипаттау. Сот сараптамасы объектілерінің ішінде сарапшылық зерттеу үшін үлгілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алудың іс жүргізу реттемелеуі ҚІЖК-нің жеке тарауында көрсетілген. Үлгілерге жататындар: 1) заттай дәлелдемелердің көшірмелері; 2) ұқсас заттар (заттай ділелдемелердің орнын ауыстырғаштар), соңғылармен жалпы тектік белнілері болады; 3) салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер. Заң әдебиеттерінде, негізінен, салыстырмалы зерттеуге арналған үлгілер жөнінде айтылады. Бұл дәл осындай объектілердің сарапшылық зерттеулерде көбірек кездесетінімен түсіндіріледі. ҚІЖК-нің 256-бабы 2-бөлігінде үлгілер ретінде, атап айтқанда:1) қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененің сыртқы бетінің микроскопиялық қорытындылары;2) сілекей, тер және басқа бөлініп шығатындар;3) тері бетінің ізі, тістің қалыбы;4) қолжазба мәтін, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтін басқа материалдар;5) дауыс фонограммасы;6) материалдардың, заттардың, шикізаттың, дайын өнімнің сынамалары;7) гильзалардың, оқтардың, қару мен тетік іздерінің үлгілері алынады.Үлгілер бірқатар негіздер бойынша жіктелуі мүмкін.Мысалы, оқиға сипатына байланысты, оның нәтижесінде үлгілер пайда болуы және заттай дәлел – түрнұсқаның пайда болу механизмін көшіреді, үлгілердің үш түрі болуы мүмкін: - экспериментті, онда уақиға жасанды түрде жасалады (атылған оқтар, гильзалар); - еркін үлгілер, тергеліп жатқан уақиғадан тыс байланысты пайда болуы (жазу, дауыс фонограммасы); - шартты-еркін үлгілер, іс бойынша өндіріске байланысты орындалған, бірқатар арнайы сараптама үшін орындалмаған; - табиғи үлгілер, физиологиялық өнім ретінде пайда болғандар (қан, шаш үлгілері). Олар іс жүргізу тәсілі менүлгілерді алу субъектісіне байланысты, сот-тергеу немесе сарапшылық болуы мүмкін.Үлгілерді алу негізінде нақтылы және заңды үлгілер болып бөлінеді.Біріншілер жөнінде айтсақ, қылмыстық процесті жүргізуші орган көзі тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің, егер олардың кейінде сарапшылық зерттеуі іс үшін мәні болса, қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет