Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Сот сарапшысының құқықтарын түсіндір



бет73/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   79
115.Сот сарапшысының құқықтарын түсіндір.
12-бап. Сот сарапшысының құқықтары Сот сарапшысының: 1) қорытынды беру үшiн қажеттi объектiлер, оның iшiнде салыстырмалы зерттеу үшiн үлгiлер алуға; 2) қылмыстық, азаматтық не əкiмшiлiк процестi жүргiзушi органның (адамның) рұқсатымен сараптаманың мəнiне қатысты iстiң материалдарымен танысуға жəне қорытынды беру үшiн қажеттi мəлiметтердi көшiрiп алуға; 3) қылмыстық, азаматтық не əкiмшiлiк процестi жүргiзушi органның (адамның) рұқсатымен iс жүргiзу əрекетiне қатысуға жəне оған қатысушыларға сот сараптамасының мəнiне қатысты сұрақтар қоюға; 4) сараптаманы тағайындаған органның (адамның) келiсiмi бойынша оның алдына қойылған мəселелер жөнiнде ғана емес, өз құзыретiнiң шегiнде сот сарапшысының бастамашылығы бойынша белгiленген өзге де жағдаяттар бойынша да қорытынды беруге; 5) сот пен процеске қатысушылардың назарын сараптаманың мəнiне, соның iшiнде сарапшыға сұрауларды тұжырымдауға байланысты жағдаяттарға аударуға; 6) өзi қатысқан iс жүргiзу əрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиiстi бөлiгiмен танысуға жəне оның қызметiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпелер жасауға; 7) iс жүргiзу кезiндегi шығыстарға жəне қылмыстық, азаматтық жəне əкiмшiлiк процестi жүргiзушi органның (адамның) заңсыз iс-əрекетiнен келтiрiлген залалға өтем алуға; 8) егер өзiнiң қызметтiк мiндетi болып табылмайтын болса, орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқығы бар;


116. Сот сарапшысы мен маман-криминалистің іске қатысуындағы айырмашылығын түсіндір.
Сот сарапшысының құқықтық мәртебесін анықтау кезінде оның сот өндірісіндегі қолданатын арнайы білімінің және маман ретіндегі білімін бір-бірінен ажырату керек. Аталған субъектілердің алуан-түрлі құқықтық реттеу мәртебесін ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, маман ретінде аранайы білімі бар кез- келген іске мүдделі емес тұлғалар бола алады.
Тұлғаны сот сарапшысы деп тану үшін, арнайы ғылыми білім мен оның іске мүдделі еместігі жеткіліксіз, сол сияқты сарапшының құзыреттілігін бекітетін және біліктілік куәлігін ҚР Әділет Министірлігі береді. Ал жеке сарапшылар өз қызметтерін Әділет Министірлігі беретін лицензия негізінде жүзеге асырады және оларды Қазақстан Республикасының сот сараптамалық Мемлекеттік реестріне енгізеді. Мамандармен салыстырғанда сарапшыларды заң тәуелсіздік қағидасымен қамтамасыз етеді, яғни сот сараптамасының қызметіне ешкім араласа алмайды. Жоғарыда аталған кепілдіктер мамандарда жоқ, олар тергеуші мен сотқа бағынады. Мамандарды шақыру түрі ерікті түрде жүзеге асырылады, ал сарапшыларды соттың (тергеуші) қаулы (ұйғарым) шығаруы арқылы шақырады. Сарапшының іске қатысуы оның арнайы ғылыми зерттеулерді жүргізуінде жатыр, ал маман іс бойынша дәлелдемелерді табу, бекіту және алып тастау үшін қатыстырылады. Криминалист-маман сараптамаға жіберілетін материалдарды мұқият жинап, олардың дұрыс сақталуына және сараптамаға жіткізілуіне қатысты бақылауды жүзеге асыруы қажет. сот сарапшысы – арнайы ғылыми білімі бар және заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін, өзіне сот сараптамасын жүргізу тапсырылған, іске мүдделі емес жеке тұлға;
Сот сарапшысы қызметінің нәтижесі процессуалдық құжаттарда өзінің көрінісін табады – мәселен, заңда дәлелдеме ретінде көзделген сарапшының қорытындысы, ал маманның қызметі тергеу (сот) әрекеттерін жүргізу хаттамаларында немесе хаттамамен қатар тіркелетін жазбаша құжаттарда көрсетіледі.Тергеушінің (соттың) аталған субъектілердің қызметтерін бағалау салдарыда өзгеше. Заң бойынша дәлелдеу субъектілері, сарапшының қорытындысымен келіспесе, ол туралы негізделген қаулы шығару керек. Мұндай жағдай маманның қызметін бағалауға қатысты қолданылмайды, олардың қызметі тергеуші (сот) белгілеген жалпы тәртіп бойынша бағаланады. Жоғарыда қөзделген мән-жайларды және сот өндірісіндегі міндеттерін ескере отырып, сот сарапшының және маманның құқықтары мен міндеттері реттеледі. Сот сарапшының мәртебесі нақты белгіленген, өйткені сот сараптамасы жеке процессуалдық әрекет болып табылады.
Маман мен сарапшының арасындағы ерекшеліктерді олардың қызметінің мазмұнымен толықтырған жөн. Мәселен, аталған тұлғалардың азаматтық және қылмыстық процессте қолданатын арнайы білімдерін бағалауымыз қажет. Сот өндірісінде қолданатын арнайы білімдердің мазмұнына шек қоюдың бірнеше себептері бар, бастысы сараптамалық тәжірбиеге сүйенсек, сарапшының алдына құқықтық мазмұндағы сұрақтарды тергеу (сот) органдарымен қойылуы. Атап айтсақ, 2001 жылғы 13 желтоқсандағы ҚР Жоғарғы сотының № 21 «Азаматтық істерді сотқа дайындау» атты нормативті қаулысында, сот сарапшыларына құқықтық мазмұндағы сұрақтарды шешуге тыйым салады, аталған сұрақтарды шешу сот (тергеу) органдарының құзыреттілігінде жатыр.
Нақтысында сот сараптамасын маманның арнайы білімінен оның негізгі үш элементтері ажыратып отыр: арнайы ғылыми зерттеу барысында объектілердің белгілерін анықтау, олардың ғылыми анықтамасы және соның негізінде жаңа нәтижелі білім алуында. Кері жағдайда сот сараптамасының арнайы ғылыми білімге негізделе отырып, жасалатын зерттеу деп айту мүмкін емес. Ал маманның зерттеулері, белгіленген объектілердің белгілерін анықтау үшін ғылыми анықтаманы тұжырымдамайды (интерпритация), тек оларды анықтаумен шектеледі. Сол сияқты, мамандар дәлелдемелерді іздеу, бекіту және алу кезінде олардың құқықтық білімнің болуын қажет етеді (криминалист-маман).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет