Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Сот сарапшысы ұғымына түсінік бер және оларға қойылатын талаптарды сипатта



бет70/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79
110. Сот сарапшысы ұғымына түсінік бер және оларға қойылатын талаптарды сипатта. Сот сарапшысы – арнайы ғылыми білімі бар және заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін, өзіне сот сараптамасын жүргізу тапсырылған, іске мүдделі емес жеке тұлға; Coт сарапшысы - сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары білімі және арнаулы ғылыми білігі ілімі болуы тиіс, сот-сараптамалық қызметін жүргізу құқығына лицензиясы болуы тиіс. Адамды сот сарапшысы етіп тағайындау рәсімі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады 20-бап. Сот сарапшысына қойылатын біліктілік талаптары Осы Заңның 19- бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдар мынадай біліктілік талаптарына сай болуға: 1) жоғары білімі болуға; 2) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығын беретін біліктілік куәлігімен расталған сот сарапшысы біліктілігі болуға; 3) осы Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен аттестатталған болуға тиіс.


111.ҚР «Сот сараптамасы туралы» Заңына сәйкес сараптама жүргізу құқығы берілген жәйттерді сипатта.
Заң Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Заңда қамтылған ұғымдар мынадай мағынада қолданылады: 1) арнайы ғылыми білім – мазмұнын сот-сараптамалық зерттеулердің əдістемелерінде іске асырылған ғылыми білім құрайтын арнайы білім саласы; 2) валидация – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүргізілетін, сот-сараптамалық зерттеудің əдістері мен əдістемелерін пайдаланудың жарамдылығын бағалау; 3) сараптама мамандығы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу саласындағы сот сарапшысының біліктілігін берумен расталған сот сарапшысының ғылыми құзыреті; 4) сарапшының қорытындысы – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нəтижелерін көрсететін жазбаша құжат; 5) сот-сараптама қызметі – сот сараптама органдарының жəне сот сарапшыларының сот сараптамасын ұйымдастыру жəне жүргізу жөніндегі қызметі; 6) сот-сараптамалық зерттеу əдістемесі – сот сараптамасының нысанасына қатысты нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын əдістер жүйесі; 7) сот-сараптамалық зерттеу əдісі – сот сараптамасының нысанасына қатысты нақты деректерді анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын логикалық жəне (немесе) аспаптық операциялар (тəсілдер, əдістер) жүйесі; 8) сот сараптамасы – шешілуі үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық істің не əкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын зерттеу; 9) сот сараптамасының нысанасы – сот сараптамасын жүргізу арқылы анықталатын қылмыстық, азаматтық істі не əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі шешу үшін маңызы бар нақты деректер; 10) сот сараптамасының объектілері – заттай дəлелдемелер, құжаттар, адамның денесі, адамның психикалық жай-күйі, мəйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасы жүргізілетін іс материалдарында қамтылған, сот сараптамасының нысанасына қатысты мəліметтер; 11) сот сараптамасы органы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлға; 12) сот сарапшысы – арнайы ғылыми білімі бар жəне заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін, өзіне сот сараптамасын жүргізу тапсырылған, іске мүдделі емес жеке тұлға; 13) сот сарапшысын аттестаттау – сот сарапшысының заңда белгіленген біліктілік талаптарына сəйкес келуін айқындау бойынша мерзімді түрде жүзеге асырылатын рəсім; 14) сот сарапшысының біліктілігі – сараптаманың белгілі бір түрінің объектілерін зерттеу мақсатында кəсіби білімі бар адамның мақсатты даярлықтан өтуі арқылы алған білімінің, машықтары мен дағдыларының кешені; 15) үлгілер – сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті тірі адамның, мəйіттің, жануардың, өсімдіктің, бұйымның, материалдың немесе заттың қасиеттерін көрсететін материалдық объектілер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет