Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Сараптамалық зерттеудің бөлек зерттеу сатысын сипатта



бет76/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

120. Сараптамалық зерттеудің бөлек зерттеу сатысын сипатта.
Аналитикалық саты (объектілерді жеке зерттеу сатысы) нақты объектіні жекешелеу бағытында белгілі бір кезеңдердің қолданылатындығын білдіретін, объектілерді жекеше зерттеу мақсатын көздейді. Мысалы идентификациялық процессті нақтылауға қажетті сатылар, объектінің белгілерін тану кезінде алынатын жалпы сипаттағы мәліметтерден олардың араларында жалпы топтық белгілер бар екендігін білдіретін мәліметтерді кезектілікпен анықтайтын диагностикалық және классификациялық міндеттер болып табылады. Диагностиикалық сипаттағы міндеттер объектілерді жекеше зерттеу кезінде шешіледі және ол идентификациялық міндеттерді шешудің алғашқы сатысы болып табылады. Бұл кездегі басты мақсат-зерттелетін объектініжекешелеу үшін қажетті және жеткілікті жағдайларды құрайтын белгілерді бөлу және тану. Арнайы әдебиеттерде із қалдыратын объектілерді классификациялау әр түрлі негіздерде беріледі. Мысалы аяқ киім типі бойынша моделдік, тұрмыстық, спорттық, әскери, арнайы бағыттағы және басқаларға бөлінеді. Жасалу тәсілі бойынша-фабриклық, қолдан. Аяқ киімдер
дайындау материалдары, өкше бөлімінің түрі бойынша және басқа да негіздер бойынша топтастырылады. Сот сарапшысы объектіні оның бейнесі бойынша анықтау кезінде идентификациялық зерттеудің дәстүрлі әдістемесі шегінде сот сарптамасында қарастырылған белгілердің жүйесін қолданады. Бұл белгілер жүйесінің барлық жиынтығы жалпы және арнайы деп аталатын екі негізгі топқа бөлінеді. Диагностикалық зертетулер барысында алынған мәліметтер классификациялық міндетті шешудің негізі-объектінің қандай топқа жататындығын анықтау болып табылады. Бұл міндетті шешу кезінде сыртқы құрылымның морфологиялық белгілерін бөліп шығару жүргізіледі. Жалпы айтқанда бөліп-бөліп зерттеу мыналар арқылы іске асырылады:
•объектілердің тұрақты құрамы мен белгілерін ашу және жүйелеу;
• объектілердің қайталанбайтын құрамы мен белгілерін ашу және жүйелеу;
• әр объекті үшін құрылым мен белгілердің жеке жиынтығын анықтау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет