Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Сараптамалық зерттеудің салыстырмалы зерттеу сатысын сипатта



бет77/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

121. Сараптамалық зерттеудің салыстырмалы зерттеу сатысын сипатта. Салыстырмалы зерттеу-зерттеу сатысының негізгі бөлімі. Бұл бөлімде жүргізілген барлық зерттеулер жинақталып, шоғырланады және ең нәтижелі деп саналады себебі қол іздері көмегімен жеке тұлға теңестіріледі. Салыстырмалы зерттеу барысында түрлi үлкейткіш құралдары мен кұрылғылары пайдаланылады. Олар қарапайым дактилоскопиялық лупадан түрлі микроскоптарға дейiн, сонымен бірге компьютерлiк жүйелер қолданылады.(АДТЖ-автоматтандырылған дактилоскопиялық теңестiру. жүйесі) Нақты үлкейту, маманның iздiң белгiлерiн зерттеу дәрежесiне байланысты: папиллярлық бедердiн, бөлшектерi немесе папиллярлык сызыктың және поралардын бөлшектерiне байланысты. Папиллярлык бедердiн белгiлерi бойынша салыстырмалы зерттеу салыстыру әдiсiн колданып жүргiзiледi. Бұл әдіс дактилоскопиянын iс жузiндегi негізгi әдiсi болып табылады. Баска салыстырмалы әдістер, атап айтканда оптикалык беттестiру және сәйкестендiру шектеулi колданыска ие. Мысалы, оптикалык беттестіру әдiсi кол iздерiнiн калу механизмiн және папиллярылк бедердің өзгеру барысын аныктауда колданыска ие; iздер мен танбаларды оптикалык сәйкестендiру, папиллярлык бедердiн белiктерiнiн iз қалу процесiнде «қозғалысының» механизмін анықтауда коланылады.


122. Сараптамалық зерттеудің синтездеу сатысын сипатта.
Синтездеуші сатының мәні объектілерді ұқсастыру кезіндегі сараптамалық танымның мазмұнын құрайтын бірнеше кезеңдерді қамтитын салыстырмалы зерттеу болып табылады. Ол мыналардан құралады: салыстырмалы талдау жүргізу және диагностикалық және классификациялық міндеттерді шешу кезінде алынған мәліметтерді объектілерді идентификациялау үшін анықталған белгілердің жеткіліктілігі тұрғысынан бағалау. салыстырмалы талдау жүргізу және объектінің жекелеген белгілерінің тұрақты екендігін немесе өзгермелілігін бағалау. • салыстырылатын объектілердегі сәйкес келетін, қайталанбайтын белгілердің кешенін анықтау. • объектінің тұрақты және қайталанбайтын белгілері жиынтығының сәйкес келуін анықтау және бағалау. • айырмашылықтарды бағалау және түсіндіру. Сарапшы салыстырмалы зерттеуді жүргізу барысында бақылау, өлшеу, салыстыру әдістерін қолдана отырып, өз назарын ең алдымен объектлердің сыртқы құрылымының белгілеріне аударады. Салыстырылатын объектілердің ұқсастығы туралы шешімді қабылдау үшін жеткілікті, қажетті жиынтықты анықтау, объектінің белгілерін бейне-іздерге сай аударған жағдайда аса қиындық тудырмайды. Сараптамалық практикада осы сияқты жағдайлар көпшілік жағдайда трасологиялық зерттеулерде кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет