Емтихан сұрақтары (теориялық сұрақтар)



бет2/19
Дата18.11.2022
өлшемі1,34 Mb.
#50974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Антикоагулянтты жүйе. Жоғарыда айтылған төтенше жағдай болмау үшін тоқтаусыз қан ұюына кедергі жасайтын жүйе бар. Қан ұю жүйесі антикоагулянттар жүйесімен реттеледі. Олардың ішінде маңыздысы АТ ІІІ. Ол барлық белсендендірілген ұю факторларының инактивациясына әкелетін баяу антикоагулянттарға жатады. АТ ІІІ қанда белсендендірілген қан ұю факторларының қалмауына жауап береді, сол арқылы қан ұюдың тізбекті реакциясын тежейді.
АТ ІІІ басқа қан ұю факторларына қарағанда ұю процесінде бірнеше есе жылдам шығындалады: ХІІ фактордың бөгде беткеймен жанасуы салдарынан белсендендірілген факторлардың инактивациясы үшін АТ ІІІ бес молекуласы қажет болады.
Қанда гепарин пайда болғанда жылдам антикоагулянт болатын «гепарин + АТ ІІІ» кешені түзіледі: бұл кешен қан ұю факторларын каскадтың төменгі факторларына әсер еткенге дейін инактивациялайды. «Гепарин + АТ ІІІ» АТ ІІІ қарағанда 2000 есе жылдам әсер етеді. «Гепарин + АТ ІІІ» ұю процессін тежейді. Бірақ, АТ ІІІ болмаса гепариннің антикоагулянттық әсері болмайды.
Басқа маңызды физиологиялық антикоагулянттарға С және S протеиндері жатады. Олардың әсері АТ ІІІ әсеріне ұқсас, бірақ белсендендірілген факторлардың барлығына әсер етпейді және АТ ІІІ қарағанда баяу шығындалады. С және S протеиндері тромбинмен белсендендіріледі: тромбиннің айқын бөлігі тамыр қабырғасының тромбомодулинімен байланысып фибриногенді үдететін қабілетінен айырылады, бірақ, С, S протеиндері мен фибринолиз жүйесін белсендендіретін қасиеті сақталады.
Қан ұю және фибринолиз процестерінде патологиялық антикоагулянттар – еритін фибрин-мономерлі кешендер мен фибрин деградациясы өнімдері түзіледі. Олардың маңыздылығы (физиологиялық ролі) – физиологиялық антикоагулянттар қорымен бақыланбайтын қан ұюды тоқтату. Тромб түзілудің жалғасуы кезінде (ШТІҰ – синдромы кезінде) паракоагуляция өнімдерінің көптігінен ұюдың соңғы каскады фибриногеннің фибринге айналуын толық тежелуі мүмкін. Бұндай жағдайда кері жағдай туындайды: қанда ұю белсенділік факторлары көп мөлшерде болады, бірақ, соңғы кезең ингибиторларының мөлшерден тыс болуы қанның кедергі жасайды. Бұл кезде фибриногеннің еріген жағдайға өтуіне байланысты деңгейі күрт төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет