Еркектің жыныс гормондары /андрогендер/.Аталық жұмыртқанаң интерстициальді клеткасы /лейдиг клеткасы/ еркектің жыныс гормондарын өндіреді. Олар белгілі бір көлемде еркектердің және әйелдердің бүйрек үсті безінің маңайында, сонымен қатар әйердердің аналық безінің сыртқы қабатында өндіріледі. Барлық жыныс гормондары стероидтар болып табылады, және холестеринде синтезделеді. Андрогендердің ішіндегі негізгісі тестостерон болып табылады. Тестостерон бауырда бүлінеді, ал оның метаболиттері зәрде 17-кетостероид түрінде кездеседі. Тестостеронның концентрациясы қанның құрамында күн сайын тербелісте болады. Таңғы сағат 7-9 аралығында барынша көп деңгейде, сағат 24-тен 3-ке дейін барынша аз деңгейде байқалады.
Тестостерон жыныс дифференциясына қатысады, алғашқы /жыныс мүшелерінің және аталық жұмырткалардың өсуі /және екінші/ ер адамға тән сақал, мұрт шығу, дауыстың төмендеуі, дене бітімінің қалыптасуы, мінез-құлық пен психиканың ерекшеленуі/ жыныс белгілерінің өсіп дамуын, жыныс рефлекстерінің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Гормон аталық жыныс клеткасының пісіп жетілуіне қатысады. Тестостерон организмде зат алмасу процесінің артуына қатынасады, белоктың синтезделуі, әсіресе бұлшық еттерде ұлғайтады, мұндай процесс бұлшық еттің салмағын ұлғайтып, адам дене бітімінің тез өсіп, даму процесін жеңілдетеді. Сүйекте белокты заттардың тез пайда болуы мен кальций тұзының бөліну есебінен гормон сүйек бойының өсуін, қалыңдығын, берік болуын қамтамасыз етеді. Тесттостерон организмде майдың пайда болуын төмендетеді. Гормон эритропоэзды реттейді, эритроциттердің мөлшері әйелдерге қарағанда ерлерде көп. Тестостерон ер адамның жыныстық мінез қалпын және психофизиологиялық ерекшелігін анықтап, орталық нерв жүйесінің қызметіне әсер етеді.
Қанда тестостерон құрамының жоғары болуы лютропиннің өндірілуін баяулатады, ал төмен болуы жеңілдетеді.
Еркектің жыныс гормонында өнімнің жетіспеушілігі аталық жұмыртқанын патологиялық процесіне /бірінші гипогонадизм/ және жүре келе гипоталамды-гипофизарлы жетіспеушілікке /екінші гипогонадизм/ байланысты. Оларды туа біткен және жүре келе пайда болған алғашқы гипогонадизмдеп бөле қарастырады. Аталық жұмыртқа қызметінің жүре келе бұзылуы хирургиялық сылудан немесе қатты жарақат алғаннан соң, туберкулез, мерез, соз және т.б. ауруларының салдарынан пайда болады. Аурудың белгілері аталық жұмыртқа зақымдағаннан кейін адам жасына байланысты білінеді.
Әйелдің жыныс гормондары бұл гормондар әйелдің жыныс безі – аналық безде, жүктілік кезде- баланың жолдасында, сондай-ақ еркектің ұрығындағы Сертиоли клеткасында болады. Аналық бездің фолликулы экстрогендердің синтезін жүзеге асырады, аналық бездің сары денесінде прогестерон өндіріледі.
Экстрогендерге эстрон, эстрадиол мен эстриол жатады. Эстрадиолдың физиологиялық белсінділігі жоғары. Экстрогендер әйелдің бірінші және екінші жыныс белгілерінің дамуын реттейді. Олардың әсерімен аналық без, жатыр, жатыр түтігі, қынап пен сыртқы жыныс органдары өсіп жітеледі. Сонымен қатар экстрогендер сүйек қаңқасының өсіп, тез пісіп жетілуіне әсер етеді. Олардың сүйектің шеміршегіне әсер етуіне байланысты сүйектің өсуін баяулатады. Экстрогендер әйелдің дене мүсіні үшін майдың жинақталып және оның бөлінуін арттырады, сонымен қатар әйел типіне байланысты шаштың шығуына мүмкіндік жасайды. Экстрогендер азот, су, тұзды қалыпты жағдайда ұстап тұрады. Осы гормондардың әсерінен мінез-ққүлқы мен көніл-күйі өзгереді. Жүктілік кезінде экстрогендер жатырдың бүлшық ет тканьдерінің өсуіне, жатыр мен бала жолдасының қан айналымын жақсартуға, прогестерон және пролактинмен бірігін сүт бездерінің дамуына мүмкіндік жасайды.
Аналық бездің сары денесінде ұрықтану кезінде жарылган фолликулдың орнында прогестерон гормоны өсіп жетіледі. Протестеронның атқаратын негізгі қызметі- жатырдың ішкі былжыр қабыгына ұрықтанган жұмыртқа клеткасын көшіріп жетілдіруге дайындау, жүктіліктің қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз ету. Егер сары дене ұрықтанбаса, онда ол әлсізденеді. Жүктілік кезде прогестерон экстрогендермен бірге жатыр мен сүт бездерінің морфологиялық қайта құрылуын қалыптастырады, секреторлық белсенділік пен көбею процесін күшейтеді. Жатырдың ішкі былжыр қабығында бездерің секрет шығару процесінің нәтижесінде ұрықтың дамуы үшін қажет липидтер мен гликоген концентрациясы дамиды. Гормон ұрықтану процесін жояды.
Жүкті емес әйелдерде прогестерон етеккір циклының жүйелі келуіне қатысады. Ұрықтанудың басталған уақытын анықтау үшін практикада қолданылғандай прогестерон негізгі зат алмасуды күшейтеді және дене температурасын арттырады. Әйелдердің жыныс гормондарының қан құрамындағы концентрациясы етеккір циклының фазасына байланысты. Эстрогендер мен прогестерон өнімдері аденогипофиздің гонодотропты гормондарымен реттеледі.
Тестостерон ( тестикула және стероид ) – майда еритін стероидты гормон, ер адамдағы негізгі жыныс гормоны, андроген. Лейдиг жасушаларынан бөлінеді, аздаған мөлшері ұрық жұмыртқасында әйелдерде, бүйрек үсті безінде ерлерде және әйелдерде де. Бұл клеткалар ұрық түтікшелерінің жанында орналасқан, сондықтан ұрық жұмыртқасында тестостерон концентрациясы 10 есе жоғары, яғни қанға қарағанда.
ФУНКЦИЯСЫ
Бұлшықет массасының өсуін стимулдайды, майдың ыдырап тұруын және сүйек тығыздығын сақтап тұрады.
Ер адамдағы екіншілікті жыныстық белгілерді қалыптастыру және репродуктивті жүйені толық қамтамасыз ету
Екіншілікті жыныстық белгілердің пайда болуына қатысады
Еркек жыныс клеткасы - сперматозоид түзілуіне әсер етеді
Эритропоэзды стимулдайды
Ақуыз және ферменттердің синтезіне әсер етеді
Айқын анаболикалық активтілікті көрсетеді
Азот және фофсфор алмасуын реттейді.
Күн сайын жалпы осы гормон еркектерде 8 мг өндіріліп отырады.
95% - жыныс бездерінен
5% - бүйрек үсті безінен.
Жалпы еркектердегі тестостеронның қалыпты мөлшері 12-33 нмоль/л (345-950 нг/дл).
Ұрықтың даму периодында тестостеронның аздаған мөлшері продукцияланады, яғни 10 апта ішінде және туылғаннан кейінде. Бірақ балалық шағында, яғни (10-13 жасына ) дейін тестостерон продукциясы мүлдем тоқтайды. Кейін пубертатты жасқа жеткенде гипофиздің алдыңғы бөлігінде өндірілетін гонодотропты гормонның әсерінен тестостеронның продукциясы қарқынды үдейе түседі және өмірінің соңына дейін жалғасады. Сосын 50 жастан бастап күрт төмендей бастайды
Ер адамның физиолгиясы мен психикасына тестостеронның әсері:
• Тестостерон ағзадағы зат алмасуда маңызды роль атқарады: белок синтезін стимулдайды, липопротеид бауыр жасушаларын реттейді, ал эндорфин синтез үшін жауапты. Бұлшықет өсуі мен физикалық күш және төзімділікті
жылдамдатады, инсулин синтезіне қатысады, минералды зат алмасуды, денедегі майды ыдыратуға, сүйек беріктігін арттыруға , коронарлық тамырларын кеңейтуге ықпал етеді, атеросклероз процесін баяулатады , эритроциттердің жетілуіне әсер етеді.
• Тестостеронның андрогендік белсенділігі бар: жыныстық мүше
мен ұрық жұмыртқасын қалыптастырады, екіншілікті жыныстық белгілердің дамуына қатысады (бет аймағында шаштардың өсуін, бұлшықет астында және шатта ,дауыстың өзгеруі), либидо активтенуі , ұрық өндіруді және потенцияны іске қосады.
60. Организмнің ішкі ортасындағы рН-тың тұрақтылығын сақтаудағы бүйректің ролі.
Бүйрек қанның рН-ын 7.35-7.43 деңгейінде ұстап тұруға қатысады, бұл олардың қан плазмасында артық қышқыл өнімдері немесе негіздері бар сұйықтықты кетіру қабілетіне байланысты. Әдетте рН 7.4 кезінде қан плазмасындағы бикарбонаттың концентрациясы шамамен 25 ммоль / л, ал CO2 парциалды қысымы 40 мм сынап бағанасы.
Бүйрек қышқылдық негіз балансын реттеуге қатысатын негізгі механизм - бұл H + иондарының бөлінуі. Сутегі иондары апикальды мембрана арқылы құбырлы сұйықтыққа белсенді түрде жеткізіледі, ал натрий ионы электр зарядтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, жасушаға таралады. Сутектің бөлінбеуі натрий ионымен тікелей алмасумен байланысты емес. Түтікшенің люменінде сутегі ионы НСО3¯-мен қосылып Н2СО3 түзеді, ол шекарасы аймағында жасуша мембранасына салынған көміртегі ангидраза ферментінің әсерінен сусызданып, СО2 жасушаға таралады. Жасуша ішінде сол ферменттің әсерінен гидратация реакциясы белсендіріледі
Негізгі 3 механизмі жүреді:
1. Бикарбонаттардың реабсорбциясы немесе экскрециясы (проксимальды түтікшелерде болады)
2. Сутегі фосфаттарының және дигидрогенфосфаттардың реабсорбциясы немесе бөлінуі
3. Аммоний механизмі:
Глютаминді дезаминдендіру кезінде бүйрек өзекшелерінің эпителийінде түзілетін аммиак, түтікшенің люменіне таралады және Н + ионын байланыстырады. NH4 + түзіледі, ол несеппен шығарылады. РН реттелуінің аммоний механизмі жас балаларда негізгі болып табылады.
Бүйрек өкпемен бірге қышқыл - сілтілік тепе - теңдік ( ҚСТ ) реттелуіне қатысады. Алдымен ол бикарбонатты буфердің құрам бөлігі бикарбонат натрийдін кайта сорылу үдерісінің реттелуі есебінен жүзеге асады. Егер бикарбонат қайта сорылмаса, онда организм қанның буфер жүйесінің маңызды компонентін жоғалтушы еді. Қанның рН қышқылды жаққа жылжыған кезде натрий бикарбонатының қайта сорылу тиімділігі өседі, ал алкалоз болғанда натрий бикарбонатынын қайта сорылуы азаяды. Бұл үдеріс қандағы көмірқышқыл газының парциалды кернеулігінің шамасымен реттеледі.
Натрий бикарбонатының қайта сорылуы келесідегідей жүзеге асады . Түтікшенің қуысында бикарбонат натрий болады . Түтікшенің эпителиальді жасушасынан түтікше каналына сутек ионы бөлінеді, ол бикарбонаттан натрий ионын шығарып, оны көмір қышқылына айналдырады. Бұл қышқыл эпителиальді жасушаның апикальді бөлігінде орналасқан карбоангидраза әсерінен көмірқышқыл газы мен суға бөлінеді. Көмірқышқыл газы жасуша ішіне кіреді, оның әсерінен құрамындағы карбоангидразадан (сонымен қатар, СО2 , жасушасының метаболизмі нәтижесінде түзілетін) және судан көмір кышкыл түзіледі. Ол сутек ионы мен НСО, анионын диссоциациялайды. Су тек ионы жасушадан түтікше қуысына шығады және тағы да бикарбонаттан натрийді ығыстырады, ал натрий жасушаға кіреді.
61.Вена арқылы қанның жылжуы. Веналық қан қозғалысын қамтамасыз ететін факторлар.
Қантамырлар:
қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырлар-артерия
қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырлар - вена
оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін "микроайналым арнасының қан тамырларына" бөлінеді.
Артерия мен Вена қанды тасымалдаушы тамырларға жатады. Олардың жақтауы қалың. Түтікше мүше ретінде күретамыр мен көктамырлардың жақтаулары үш қабықтан құралған: ішкі - интима, ортаңғы — медиа, сыртқы - адвентиция. Микроайналым арнасы қантамырларының қабырғалары арқылы қан мен оны қоршаған ұлпалар арасында зат алмасу процесі жүреді. Қантамырлардың ішкі беті эндотелиймен астарланған. Көктамырлар интимасында жүрекке қарай ғана ашылатын қақпақшалар (клапандар) болады
Вена қан тамырлары дененің барлық мүшелері мен тіндерінен қанды жүрекке апарады. Көмірқышқыл газына бай қанды венозды қан деп атаймыз. Вена қан тамырлары арқылы қан баяу жүреді, онда артериямен салыстырғанда қан қысымы да төмен болады. Сондықтан вена қан тамыры жарақаттанса, қан баяу ағады да, ал артерия қан тамыры жарақаттанса, қан үлкен қысыммен атқылайды.
Қанның веналар арқылы қозғалуын қамтамасыз ететін факторлар: Тамырларда қан қысымы төмен. Егер артериялық арнаның басында қан қысымы 140 мм рт.ст. болса.содан кейін венулаларда ол 10-15 мм рт. ст.
Қанның веналар арқылы қозғалуына бірқатар факторлар ықпал етеді:
Жүректің жұмысы артериялық жүйеде және оң жақ атриумда қан қысымының айырмашылығын тудырады. Бұл қанның жүрекке веноздық қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Веналарда клапандардың болуы қанның бір бағытта – жүрекке қозғалуына ықпал етеді.
Қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуы мен релаксациясының ауысуы қанның веналар арқылы қозғалуына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Бұлшықет жиырылған кезде тамырлардың жұқа қабырғалары қысылып, қан жүрекке қарай жылжиды. Қаңқа бұлшықеттерінің релаксациясы артериялық жүйеден тамырға қанның түсуіне ықпал етеді. Бұлшықеттердің мұндай айдау әрекеті бұлшықет сорғысы деп аталады, ол негізгі сорғының көмекшісі – жүрек.
Теріс ішілік қысым, әсіресе тыныс алу фазасында, қанның жүрекке веноздық қайтарылуына ықпал етеді.
62.Эндокриндік қызметті орындамайтын ағзалардың (бүйректер, жүрек және т.б.) эндокриндік функциясы.
Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:1.Сыртқы секреция бездері 2.Ішкі секреция бездері 3.Аралас секреция бездері
Ал эндокринді қызмет атқармайтын ағзаларға жүрек, бүйрек т.б
Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады.
Жүректің қызметі дегеніміз - жүрек циклінің үш фазасы: құлақшаның жиырылуы, қарыншаның жиырылуы және жүректің жалпы босаңсуының ырғақты түрде алмасуы.Жүрек циклінің жалпы ұзақтығы шамамен 0,8 секунд. Жүректің жалпы босаңсу фазасына 0,4 секундтай уақыт кетеді. Жиырылу аралығындағы мұндай тынығу жүрек бұлшық еттерінің жұмысын толық қалпына келтіруге жеткілікті болады.
Жүректің жиырылу жиілігі мен күші организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші артса, белгілі уақыт бірлігінде тамырлар жүйесіне қан көбірек айдалады. Жүректің жиырылуы баяулап әлсіресе, организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері кемиді.Сөйтіп, денеде барлық мүшелердің қанмен жабдықталуы өзгереді. Жүрек қызметі автономиялы нерв жүйесінің қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады.
Жүректің эндокриндік қызметі-бұл атриальды миоциттердің (негізінен оң жақта) белгіленген химиялық құрылымы бар пептидті гормон және атриуретикалық гормон немесе атриопептид деп аталады. Гормон миоциттердің саркоплазмасының белгілі бір түйіршіктерінде жиналып, бірқатар реттеуші қоздырғыштардың әсерінен қанға шығарылады: атрианың қан көлемімен созылуы, қандағы натрий деңгейі, вагус пен симпатикалық нервтердің әсері, қандағы вазопрессин мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: |