Емтихан сұрақтары (теориялық сұрақтар)



бет7/19
Дата18.11.2022
өлшемі1,34 Mb.
#50974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
физиология сессия

Жүрек тамырларындағы қанның ағысы
Жүрек етіне қан әкелетін тәждік артерия қолқаның сол қарыншасынан басталады. Бұл артерияларға қан негізінде диастола кезінде өтеді. Систола уақытында жүрек еті жиырылып тәждік тамыр қысылғандықтан қан ағысы өте төмендейді. Жүрек еті басқа ағзаларға қарағанда қаннан белгілі бір уақыт арасында оттегін көп сіңіреді. Жүрек тамыры тарылып оттегі аз сіңірілетін болса, қатты ауыру сезімі пайда болады. Сау адамда оттегі жеткіліксіз болса, тәждік артериялар кеңейіп миокардты оттегімен қамтамасыз етеді.
Өкпе тамырларындағы қанның ағысы. Өкпе тканіне қан тамырлардың үлкен және кіші шеңберлерінен келеді. Кіші шеңбер капиллярлары өкпе көпіршіктерінде тарамданып қалың тор құрайды. Бұл капиллярларға оң қарыншадан басталатын өкпе артериялары көмір қышқыл газына бай веналық қан әкеледі, ал өкпе капиллярларынан шығатын оттегіне қаныққан артериялық қан 4 өкпе веналары арқылы сол жүрекшеге барып құйылады.
Адамның жасына байланысты жүрек пен тамырлардың алдымен құрылымында, онан соң функцияларында өзгерістер пайда болады. 30-40 жастан жүрек, тамырлар құрылымында кәрілікке тән өзгерістер басталады. Біртіндеп ет талшықтарының серпімділігі төмендейді, ет ұлпасының орнына дәнекер ұлпасы өсе бастайды. Клеткалардың субклеткалық құрылымдарының жаңаруы баяулайды, әсіресе митохондрияларда жаңару қарқыны төмендеп миокардта қуаттың жеткіліксіздігі туындайды. Еттің созылмалық қасиеті төмендеуіне байланысты гетерометрлік механизм бұзылады. Жүрек қуысы кеңеюі мүмкін. Тежелу процесі нашарлауына байланысты тахикардия кездеседі. Қарт адамдарда атеросклероз процесінің дамуына байланысты тәждік тамырлардың жетіспеушілігі басталады. Артериялық пульс толқынының таралуы шапшандайды. Кәрі адамдарда ашық капиллярлардың, яғни олардың қан айналысына қатысатын саны азаяды. Капиллярлардың заттарға өтімділігі бұзылады.
Артериялық қысым (АҚ)- артерия тамырларында қанның әсерінен пайда болатын қысым. Қысымды өлшейтін кезде I мм сынап бағанасының бірлігі қолданылады.
Артериялық қысым– екі өлшемнен тұратын көрсеткіш: жүректің систола кезіндегі артериядағы қысымы (систолалық қысым)– артерия жүйесіндегі ең жоғары көрсеткішке сай; жүректің диастола кезіндегі артериядағы қысымы (диастолалық қысым) артерия жүйесіндегі ең төмен көрсеткішке сай. 17-60 жастағы сау адамдарда систолалық артериялық қысым 100-140 мм сын. бағ. шамасында болады, диастолалық қысым – 70-90 мм сын. бағ.
Эмоционалды стресс, физикалық ауыртпалықтар АҚ ның уақытша жоғарылауына себеп болады. Сау адамда АҚ ның тәуліктік ауытқуы 10 мм сын. бағ. құрайды. АҚ ның жоғарылауын гипертензия, ал төмендеуін – гипотензия деп атайды.
Қанның минуттық мөлшері– жүректен бір минут ішінде өтетін қан мөлшері. Қалыпты күйде минуттық мөлшер (ММ) 5,0-5,5 л. Құрайды. Физикалық ауыртпалық кезінде 2-4 есе артады,спортсмендерде– 6-7 есе. Кейбір жүрек ауруларында ММ 2,5-1,5 л дейін төмендейді.
Айналатын қан көлемі (АҚК) қалыпты жағдайда 75-80 мл қан 1 кг салмаққа келеді. Физикалық ауыртпалықтарда АҚК өседі, ал қан жоғалтқанда немесе шок кезінде- төмендейді.
Қанның айналу уақыты– қанның бөлігі үлкен және кіші шеңбер жасайтын уақыты. Қалыпты жағдайда бұл уақыт 20-25 секунд, физикалық ауыртпалық кезінде ол азаяды және қанайналым бұзылған кезде І мин дейін ұлғаяды. Кіші қанайналым шеңбері бойынша қан 7-11 секундта айналады. Қанның ағза бойынша таралуы тепе теңдіктің бір сәтте бұзылуымен сипатталады. Адамда тыныштық күйде 14 мин ішінде 100г салмаққа: Бүйректе- 420 мл; жүректе- 84 мл, бауырда- 57 мл, көлденең жолақты бұлшықетте- 2,7 мл- дан келеді. Адам ағзасындағы барлық қанның 70-80% венада болады. Физикалық ауыртпалық кезінде қаңқа бұлшықеттерінің тамырлары кеңейеді; физикалық ауыртпалық кезінде бұлықеттердің қанмен қамтамасыз етілуі жалпы қанмен қамтамасыз етілудің 80-85% құрайды. Басқа мүшелерге қанның 15-20% қалады.
Жүрек, ми және өкпенің тамырларының құрылысына байланысты осы мүшелер қанмен ерекше қамтамасыз етіледі. Жұрек бұлшықеті бұкіл массаның 0,4% құрайтындықтан, оған қанның 5% келеді, яғни басқа тіндерге қарағанда орташа алғанда10 есе артық. Адамның бұкіл массасының 2% құрайтын миға минутын бүкіл қанның 15% келеді. Ми ағзаға түсетін оттегінің 20% шығындайды.
Өкпеде қан анайналым өкпе артериясының үлкен диаметріне , өкпе тамырларының серпімділігіне және кіші қанайналым шеңберіндегі қанның бүкіл денені айналмайтындығына байланысты жеңіл болады.
Қан тамырдың функциясы:
Жүректің өз қызметін әр түрлі сыртқы әсер ықпалынсыз өзгеріп, басқару қабілетін өзіндік (ағзалық) реттеу деп атайды. Қазіргі кезде жүректің өзіндік реттеу механизмін үш түрге бөледі.
Гидродинамикалық аутореттеу (өзіндік реттеу) механизмі. Бұл механизм «гидродинамикалық кері байланыс» арқылы жүректің оң және сол бөліктерінің жұмысын үйлестіріп отырады. Мысалы, әр түрлі ырғақта жұмыс істеп түрған «оқшауланған» екі жүректі тізбектеп, бірінен қуылған қан екіншісіне, ал екіншісінен қуылған қан қайтадан бірінші жүрекке оралатындай етіп ортақ жүйеге қосса, олар бір ырғақта жұмыс істей бастайды. Оған бұл екі жүректің ара-сында «гидродинамикалық кері байланыстың» қалыптасуы себепші болады. Демек, жүрек жұмысының ырғағы мен жүрек етінің жиырылу күші жүрек қуыстарындағы қысымға сәйкес өзгеріп отырады.
Гетерометриялық аутореттеу механизмі. Бұл механизм жүрек етінің жиырылу күшін оның ет талшықтарының бастапқы созылу дәрежесіне қарай өзгертіп отырады. Жүрек еті неғұрлым көбірек созылса, соғүрлым ол күштірек жиырылады. Осы механизм «Старлинг заңын» түсіндіруге негіз болады.
Гомеометриялық аутореттеу механизмі. Қалыпты жағдайда жүректің жиырылу күші миокард талшықтарының бастапқы үзын-дығына (жүректің толу, керілу дәрежесіне) ғана сәйкес өзгермей, жүрек етіндегі иондар концентрациясына байланысты да өзгеріп отырады. Жүректің жиырылу кезеңі ұзарса, жүрек еті талшықтарындағы кальций иондарының концентрациясы көбейеді. Жүректің соғу ырғағы жиілесе де оның жиырылу күші артады. Оның себебі бұл жағдайда диастола қысқарып, систола кезінде ет талшықтарына енген кальций иондары кері шығып үлгермейді де, оның клеткалардағы концентрациясы жоғарылайды. Дәл осы феномен «Боудич баспалдағының» негізінде жатады. Осыдан жүрек жұмысы жүрекке оралған қанның құрамына байланысты да өзгеріп отырады.


59.Жыныс гормондары. Адам организмінің дамуындағы тестостеронның ролі.
Жыныс гормондары - биологиялық активті заттар олар жыныс бездерінде бүйрек безінің қыртыс қабатының тор аймағынан және баланың серігінде шығады. Олар жыныстық дифференцияцияны реттейді. Бірінші, екінші жыныстық дәрежелі белгілерін дамуы жыныстық көбеюін. Жыныстық мінез құлық және де зат алмасу процессті. Оларға андроген, эстроген, және протестерондар жатады.
Еркектің және әйелдің жыныс гормондарының секрет шығару процесін және олардың қанға бөлінуін ішкі секреторлық функция атқарады. Аталық ұрықтар сияқты аналық жұмыртқалар да еркек және әйел гормондарын синтездейді, бірак ер адамдарда – андрогендер, ал әйелдерде экстрогендер. Жыныс гормондарының жыныс мүшелерінің өсіп дамуына, екінші жыныс белгілерінің білінуіне әсері мол, сондай-ақ адам мінез-құлқын мен жыныстық жағынан пісіп жетілуін анықтайды. Әйел организмінде жыныстық гормондар етеккір циклын реттейді, сонымен қатар жүктіліктің қалыпты жағдайда өтуін қамтамасыз етеді және сүт бездерінің сүтті бөлуіне дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет