Емтихан сұрақтарының жауаптары 50. Өсімдіктердің суыққа төзімділігі


Транспирация қарқындылығы және транспирация өнімділігі. Транспирация қарқындылығы сыртқы орта жағдайларының әсері. Маусымдық және тәуліктік транспирация



бет14/56
Дата14.04.2022
өлшемі86,04 Kb.
#31020
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
Байланысты:
Емтихан с ра тарыны жауаптары 50. сімдіктерді суы а т зімділ

62. Транспирация қарқындылығы және транспирация өнімділігі. Транспирация қарқындылығы сыртқы орта жағдайларының әсері. Маусымдық және тәуліктік транспирация.

Жапырақ тақтасының белгілі ауданынан, белгілі бір уақыт ішінде буланған судың

мөлшерін Транспирация қарқындылығы деп атайды. Оны 1 м немесе 1 дм

жапырақтан 1 сағатта буланған судың мөлшерімен белгілейді транспирация

өнімділігі - 1 кг су буланғанда түзілетін құрғақ заттың мөлшері. Транспирация

коэффициенті - түзілген құрғақ заттың белгілі мөліперте жұмсалған су мөлшері.

Транспирация процесінің маңызы зор. Транспирацияның нәтижесінде адам мен

жануарларға жайлы микроклимат қалыптасады.

Өсімдіктегі судың булануы екі жолмен: тыныс саңылауы кутикула арқылы жүзеге асады.

Тыныс саңылаулық транспирация ашық жағдайда су булануымен қатар көмір

қышқыл газы сіңіріліп фотосинтез процесі де тиімді жүреді. Оттектің бөлінуіне

қолайлы жағдай туады. Бұл кезде кутикулалық Транспирацияның үлес салмағы төмен

болады да, керісінше, тыныс саңылаулары жабық жағдайда оның шамасы арта түседі.

Мұндай жағдай Транспирация мен фотосинтез процесінің арасында байланыс бар

екенін көрсетеді. Транспирация барысында өсімдікте мүшеаралақ байланыс

қамтамасыз етіледі, заттардың тасымалы жүзеге асып, жалпы организмдегі

температура белгілі деңгейде реттеледі. Транспирация қарқыны тәулік мезгіліне

байланысты өзгеріп отырады. Көптеген өсімді төрде Транспирация қарқыны түске

дейін артып, шаңқай түс кезінде төмендейді де, кешке қарай қайтадан жоғарылайды.

Бұл өсімдіктердің суды тиімді пайдалануы және құрғақшылыққа төтеп беру, яғни қолайсыз

ортаға бейімделу болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет