51. Қазіргі кезде тұздардың өсімдікке әсерінің физиологиялық негіздері
Туралы екі бағытты көзқарас пайда болады 1) тұздардың өсімдіктерге
жағымсыз әсері сыртқы ерітіндінің осмостық қысымына байланыстылығын
уағыздайды 2) өсімдіктердің залалдануы тұздардың уытты әсеріне
байланыстылығы туралы ұсыныс.
Б.П.Строгоновтың (1961) ұйғаруынша топырақ ертіндісінің
концентрациясы өте жоғары болған жағдайда өсімдіктердің суды сіңіруі
нашарлап, топырақтың физиологиялық құрғақтығы айқында та түседі.
Топырақтың тұздылығы төмен болып, өсімдік тамыры топырақ
ерітіндісінен суды қиындықсыз сіңіре алатын жағдайда тұздардың уытты
әсері байқалмайды. Тұздардың уытты асері әдетте өсімдікте белгілі заттар
мөлшершін және белгілі зат алмасу процесінің өзгеруіне байланысты
бағаланады.
Бос амин қышқылдардың көбеюі тұздардың концентрациясына ғана
емес, өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Мысалы,
атбұртұздардың әсерінен 14 амин қышқылының, күнбағыста - 11, ал арпада - 9 амин қышқылының мөлшері көбейеді.
Амин қышқылдарының кейбіреулері өсімдікке жағымсыз әсер етеді.
Мысалы, оксипролин, лейцин, изолейцин, аланин, тирозин қышқылдары
темекі, бидай, жүгері тамырының өсуін нашарлатады. Өсімдік органында
тирозин және фенилаланин қышқылдарының көбеюінен пайда болатын
меланиндер, тұзды топырақта өскен өсімдік мүшелерінде байқалатын некроз
ауруының үдей түсуіне әсер етеді. Осындай жағдайда көп мөлшерде пайда
болатын аргинин лизин және глутамин қышқышдарынан тиісті ферменттердің
әсерінен путресцин және кадаверин сияқты аралық заттар
пайда болады Сонымен, тұзданған қоректік ортада өскен өсімдіктерде
азотты заттар алмасуының өзгеруінен біреулері қорғаныштық қызмет
атқаратын, кейбіреулері өсімдік организміне уытты әсер ететін әртүрлі
аралық қосындылар пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |