67. Фотосинтез ілімінің даму тарихы.
Фотосинтез процесі XVIII ғасырда ашылды. Бірақ, фотосинтез
деген термин ғылымға тек 1877 жылы ғана енді. Оны бірінші болып
өсімдіктердің көмірқышқыл газының ассимиляциялануын баламалау
үшін неміс рофессоры Пфеффор қолданды.
Оттегін, тұз қышқылын, күкірт, кобальт, аммиак және т.б.
элементтер мен қосындыларды ашқан ағылшын химигі Притли 1771
жылы жариаланған өсімдіктер жану және тыныс алудан бұзылған ауаны
«тазартады» деп көрсеткен болатын. Ол ормандағы емен ағашынан
бастап, далада өсетін қылтанақ шөптерге дейін бүкіл тіршілікке қажет
ауаны тазарта алатындығын дәлелдеді. Бірақ, бұл құбылыстың күн
сәулесінің энергиясына байланысты екенін ол аңғара алмады.
Осы бағытта зерттеулер жүргізген ағылшын ғалымы Ингенхауз
өзінің еңбегінде (1779) төмендегі үш түрлі ұғымды атап көрсетті:
1.өсімдіктің ауаны тазаруы тек күн сәулесінің әсеріне
байланысты;
2. көмірқышқыл газын тотықсыздадырып ауаны тазарту
өсімдіктердің тек жасыл бөліктеріне тән;
3. өсімдіктің түссіз басқа оргндары - тамыр, гүл, жемістер
күндіз де , түнде де, ал жасыл бөліктері қараңғыда басқа
хайюанаттар сияқты ауаны бұзады.
Сонымен, Ингенхауз өсімдіктерде қатарынан қарама - қарсы екі
процестің - фотосинтез және тыныс алудың болатындығын дәлелдеді.
Бірнеше жылдан соң Швейцария ғалымдары Сенебье және Сосюр
өсімдіктерде фотосинтез процесінде ауадан көміртегінің қос тотығы
қабылданып, оттегінің бөлінетіндігін анықтады.
Кейін, ХІХғасырдың 40 - жылдарында француз ғалымы ББссенго
қабылданған СО2 - нің және бөлінетін О. -нің көлемдері бірдей
болатындығын дәлелдеді.
Фотосинтез туралы ілімнің дамуында Юстус Либихтің зерттеулері
белгілі орын алды. Ол өзінің 1840 ж. Жариаланған «Химияны
егіншілікке және физиологияға пайдалану» дегеңбегінде
өсімдіктердің ауамен қоректенуі органикалық затарды өндірудің жалғыз
қайнар көзі, сондықтан оның ауыл шаруашылығындғы маңызы орасан
зор деп көрсетті.
Сол кезде энергияның сақталу және өзгеру заңдылығын ашқан неміс
ғалымы Юлиус Роберт Майер жер бетіндегі өсімдіктер күн энергиясын
жинап, оты көміртегінің қос тотығын тотықсыздандыруға пайдаланады
деген қорытынды жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |