Емтихан сұрақтарының жауаптары 50. Өсімдіктердің суыққа төзімділігі



бет21/56
Дата14.04.2022
өлшемі86,04 Kb.
#31020
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Байланысты:
Емтихан с ра тарыны жауаптары 50. сімдіктерді суы а т зімділ

72.Фотожүйе I және II

Фотосинтезге қатысты пигменттер екі жүйеге (фотожүйе I, фотожүйе II) жинақталатындығы дәлелденді. Тек осы екі жүйенің қүрамына енген пигменттер ғана фотосинтездің жарықта жүзеге асатын реакцияларына қатысады. Фотожүйелер хлоропласт бөліктерінде жекеленіп орналасып, әрқайсысы өзіне тән қызмет атқарады. Бірақ олардың атқаратын қызметтері өзара тығыз байланысты.

I фотожүйенің қүрамына молекулалық массасы эртүрлі 13 полипептид, 200 шамасында хлорофилл молекуласы, 50 шамалы каротиноид молекуласы (негізінен каротиндер), 3 Ғе-8 орталық, хинонның бірнеше молекуласы енетіндігі дәлелденді. Осы жүйенің ядросы немесе «жүрегі» деп аталатын бөлігінде 6 полипептидтік бөлікше болатындығы анықталды. Цианобактериялар мен жасыл балдырларда ондай бөлікшелердің саны төртеу ғана екен. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде осы бөлікшелердің молекулалық массаларының кішірею бағыты бойынша I ден VI — ға дейінгі ретпен белгіленеді. Осының ішіндегі бірінші (I) бөлікше реакциялық орталық болып есептеледі. Осы орталық қүрамына аш хлорофилі (ең жоғарғы сіңіру аймағы 700 нм) енеді. Қалған 7 немесе одан да көп полипептидтердің біразы жарық жинаушы хлорофилл және қосымша пигменттер молекулаларын ыңғайластырып байланыстырушылық қызметін атқарады.

II фотожүйелік жиынтық төмендегідей бөліктерден түрады: ең кемінде II полипептид, а хлорофилінің шамамен 200 молекуласы, b хлорофилінің 100 молекуласы, каротиноидтың 50 молекуласы, пластохинонның 3 молекуласы (С>, (3, 2), бір атом темір, цитохром b559-дың 1 немесе 2 молекуласы, марганецтің 4 атомы, а феофитиннің 2 молекуласы, белгісіз мөлшерде хлорид және кальций болуы да ықтимал. Екінші фотожүйенің негізгі бөлігі (ядросы) бес гидрофобты полипептидтен құралған. Оның құрамында молекулалық массасы 47 және 43 кДа полипептидтермен байланысқан а хлорофилінің 50 молекуласы бар. Реакциялық орталық (Р680 жэне феофитин) хинон тектес акцепторлар екі полипептидтен құралған жиынтықта жайғасқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет