81. Тыныс алу тізбегі және оның компоненттері.
82. Тыныс алудың анаэробты фазасы (гликолиз).
Өзінің химиялық тегі жағынан өсімдік клеткасындағы гексоза молекуласының анаэробтық ыдырау процесі, хайуанаттар организмінде бүлшық етгердегі гликолиз процесіне үқсас екендігі анықталды. Осыған байланысты өсімдік организміндегі анаэробты — тыныс алудың бастапқы дайындық сатысы да “гликолиз” деп аталады. Гексозаньщ анаэробты ыдырау процестерінің химиялық тегін жэне осы реакцияларды катализдейтін ферменттер жүйелерін зертгеп талдауға копте ген биохимиктер мен физиологтар қатысты. Дегенмен гликолиз процесін толығьшан неміс биохимиктері Г.Эмден, О.Ф.- Мейергоф жене Ресей биохимигі Я.О.Парнас талдады. Осылардың қүрметіне гликолиз процесін, көбінесе Эмден-Мейергоф-Парнас желісі деп атаиды. Гликолиз процесінде бос оттегі тікелей қатыспағанымен ол аэробтык жағдайда жүзеге аса береді. Гликолиз реакцияларының барлығы да клетканың гиалоплазмасында (матрикс) жүреді. Жалпы гликолиз реакцияларын үш сатыға белуге болады:
І. Дайындық кезең - алдымен гексоза фосфорланьш, одан соң ол екі фосфотриозаға ыдырайды
бірінші глюкоза АТФ есебінен фосфорланьш глюкозо6-фосфатқа айналады да, АДФ пайда болады. Реакция фосфогексокиназа ферментімен катализденеді. /Екінші реакцияда глюкозо-6-фосфатгьщ ерекше фермент — фосфогексойзомеразаньщ өсерінен изомерленуінен фруктозо-6-фосфат пайда болады
ІІ. Субстраттық фосфорлану кезеңі. Бүл кезеңде 3-фосфоглицерин альдегида өзіндік дегидрогеназа ферментімен өрекетгесіп (НАДтөуедді SH-фермент) күрделі қосынды пайда болады: Ацилмеркаптанды жиынтықта НАД тотықсызданған түрге ауысады. Энергиясы мол С - S байланыс тұрақсыз, өздігінен фосфорқышқылының қатысуымен ацилфосфатқа айналады да, SH-фермент бөлініп шығады
ІІІ. Екінші рет субстратгық фосфорлану. Бүл соңғы кезенде 3- фосфоглицерин қышқылынан фосфоглицеромутаза ферментінің өсерінен 2-фосфоглицерин қьпиқылы (ФГҚ) түзіледі:
Достарыңызбен бөлісу: |