Клеткадағы судың түрлері
Өсімдік ұлпаларындағы судың мөлшері өте өзгергіш және құбылмалы
болып келеді. Ол өсімдік түрлеріне, органдарына, маусымдық және тәуліктік
жағдайларға байланысты ұдайы өзгеріп тұрады.
Клетка мен ұлпалардағы суды бос және байланысқан деп екі түрге бөледі.
Байланысқан , су осмостык (еріген заттарды –иондарды молекулаларды гидраттайтын), коллоидтық және қылтүтікті байланысқан деген түрлерге бөлінеді.
Өсімдік ұлпаларындағы бос су оңай жылжып, таралғыш келеді. Егер
ауыр суды (Н2"О) тамырды қоршаған ортаға енгізсе l-10 минут шамасында
оның қоршаған ортадағы және тамырдың ішкі ұлпалары құрамындағы
мөлшері бірдей болғандығы байқалады. Бұл жағдай тамыр клеткасының
плазмалеммалар арқылы судың кедергісіз өте алатындығын дәлелдейді.
Бидайдың жас тамырындағы судың 3/4 вакуольде, 1/4 клетка қабықтарында
және 1/20 бөлігі ғана цитоплазмада болады екен. Бірақ, вакуольдері
қалыптаспаған меристемалық клеткалардағы судың негізгі бөлігі цитоплазманың құрамында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |