58. Клетканың суды қабылдаудағы негізгі заңдылықтар.
59.Осмостық қысым. Химиялық, су потенциалдары. Плазмолиз
Кез келген организмнің тіршілік әрекеттері қалыптағыдай жүзеге асуы
үшін сыртқы ортадан жеткілікті мөлшерде судың енуі қажет. Өсімдік
клеткасына судың снуіне биоколлоидтардың бөрту, гидраттану күштері әсер
етеді Судың осындай күштердің әсерінен сіңуі тұқымдарды суға малғанда,
немес пыраққа отырғызғанда байқалады. Бірақ, тірі клеткаға судың
енуі негізінен осмостық күшке байланысты болады.
Кез келген ортадағы заттар бөліктерінің бір орыннан басқа орындарға
үздіксіз қозғалып араласуын ірігу (диффузия) деп атайтындығы белгілі. Еріткіштің өзінен жартылай өткізгіш мембрана арқылы бөлінген ерітіндіге
өтуін осмос деп атайды. Осы құбылысты бірінші рет француз физиологы Г.Дютроше 1826
жасанды осмометр арқылы зерттеді. Ол ішіне шыны түтік орнатқан
жартылай, қабыршақтан жасалған (пергамент, мал қуығы)
қалташықты қант немесе басқа заттың ерітіндісімен толтырды. Осы қалтаны
таза су құйылған ыдысқа малып қойғанда түтіктегі сұйықтық деңгейі
жоғарылағанын байқады. Бірақ, оның қолданған қабыршақтары нағыз
жартылай өткізгіш болмағандықтан, қанттың жайлап енуі осмостық
қысымның шамасын өлшеуге мүмкіндік бермеді. Осмометрдің жетіліңкіреген түрін В. Пфеффер ұсынды. Ол ұсақ саңылаулы фарфор ыдысқа сары қан тұзының ерітіндісін
құйып, оны CuSO, ерітіндісіне малып қойды. Осы ерітінділердің өзара әрекеттесуінен ыдыстың саңылауларында жартылай өткізгіш қасиеті бар Си[Fe(CIN)6] тұзының қоймашжың қабыршағы пайда болды.
Белгілі заттың ірігу жылдамдығымен белгіленетін молекулаларының
энергетикалық деңгейін осы заттың химиялық, потенциалы деп атайды. Таза
судың химиялық потенциалы су потенциалы деп аталады. Ол
судың араласу, булану, немесе сыну қабілеттілігін сипаттайды және
Паскальмен белгіленеді. Химиялық таза судың потенциал іпамасы ең жоғары
және нөлмен белгіленеді. Сондықтан кез келген ерітіндінің жөне
биологиялық сұйықтықтардың су потенциалы теріс мәнді болады. Ол еріген
заттың анықталатын осмостық потенциалдың және
гидростатикалық, қысыммен байланысты потенциалдың жиынтығы болып
есептеледі,
Клеткадан су буланғанда көлемі кішірейіп, осмостық қысымы
жоғарылайды. Демек бұл жағдайда осмостық қысым тургорлық қысымнан
жоғары болады:
п= T+ 8
мұндағы , 8 - судың вакуольге енуін жүзеге асыратын қысым және
клетканың соргыштықкүші (су потенциалы) деп аталады.
Плазмолиз – қайтымды процесс. Плазмолиздің жойылуы деплазмолизге әкеледі, өсімдік жасушасын, осмостық әсер етуі заттар ерітіндісінің ролін жасушалық шырын, ал жартылай өткізгіш қабықша ролін цитоплазмалық мембрана атқаратын, осмостық жүйе ретінде қарастыруға болады. Жартылай өткізгіш қабықша арқылы таза судан бөлінген ерітінді, өзінің потенциалдық осмостық қысымына тең күшпен суды сорады.
Әр жасуша үшін келесі ерітінділерді алуға болады:
1) гипотоникалық ерітіндінің осмостық қысымы жасушалық шырынның осмостық қысымынан кем;
2) изотоникалық – осмостық қысымы жасушалық шырынның осмостық қысымымен тең;
3) гипертоникалық – осмостық қысымы жасушалық шырынның осмостық қысымынан жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |