57. Судың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы, клеткадағы судың түрлері.
Өсімдіктер денесінің басым көпшілігі (70-85%) судан тұрады. Өзінің өте
ғажайып теріне байланысты су барлық тіршілік әрекеттерінде негізгі
орын алады.
Тұтас организмдегі судың маңызы орасан зор және алуан түрлі деуге
болады, Тіршіліктің ең алғашқы түрлері сулы ортада пайда болған, кейін осы
орта организмдер клеткаларында тұйықталған күйге айналады Жер бетіндегі
белгілі тірі организмдердің барлық түрлері сусыз тіршілік ете алмайтындығы
кімге болса да түсінікті.
Қазіргі кездегі ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, барлық био-
логиялық жүйелердегі судың маңызын төмендегіше бейнелеуге болады.
Сулы орта организмдердің клеткадағы молекулалардан бастап ұлпа және
Мүшелерге дейінгі бөліктерін біртұтас жүйеге біріктіреді. Өсімдіктер
Денесіндегі су топырақтан енетін ылғалдан бастап жапырақтың ауамен
шектесетін дейінгі аралықты түтастыратын орта болып есептеледі.
Су ең жақсы, күшті еріткіш және тіршілік әрекеттеріне байла-нысты
биохимиялық реакциялар жүзеге асатынегізгі орта болып есептеледі,
Су клеткадағы қүрылымдық бөліктерді қалыптастыруға қатыса-ды.
Белок молекулаларындағы су олардың күрылысын анықтайды. Егер
белоктың құрамындағы суды түрлі әдістермен бөліп алса, ол үйып
(коагуляцияланып) түнбаға айналған болар еді
Су биохимиялық процестердің тікелей сыңары, Ол фотосинтез
процесінде электрондар доноры болса, тыныс алуда тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады. Су көптеген заттардың ыдырау және синтезделу процестеріне қажет.
Су жоғары сатыдағы өсімдіктердегі ксилема және флоэмадағы симпласт
пен а оп арқылы заттардың таралуын жүзеге асыра-тың тасымалдау
жүйесінің негізгі мүшесі болып есептеледі.
Жылу сиымдылығының және меншікті булану жылылығының өте
жоғарылығына байланысты су ұлпалар температурасының күрт өзгеруінен
сақтайды.
Су жақсы амортизатор ретінде организмдерді механикалық әсер-лерден
қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |