68. Хлорофилдер, олардың структурасы, физико-химиялық қасиеті, қызметі.
К,атты күйдегі хлорофилл көгілдір - қара түсті аморфты зат. Хлорофилдер негізінен органикалық еріткіштерде — этил эфирінде, бензолда, хлороформда, ацетонда, этил спиртінде жақсы еріп, петролейн эфирінде нашар, ал суда ершеиді. Этил эфиріндегі хлорофилл а ерітіндісі көкжасыл, Ь хлорофилл ерітіндісі — сарғыш-жасыл түсті болады. Хлорофилдердің сіңіру спектрлерінің ең жоғары деңп аймағына тура келеді
Спектрдің көк-күлгін бөлігін сіңіру порфирин ядросындагы ортақтасқан жалпы және қос байланыстарға байланысты. Спектрдің қызыл аймағында сіңіру деңгейінің жоғары, ал сары жэне жасыл бөліктерінде төмен болуы IV — пиррол сақинасы мен порфирин орталығындағы магний атомына байланысты. Пигменттердің сөулелерді сіңіру деңгейіне еріткіштің қасиеті, молекулаларының өзара және басқа пигменттермен, липидтермен, белоктармен өрекеттестіктері үлкен эсер етеді. Хлорофилдердің негізгі қасиеттерінің біріне олардың флуоресценция қүбылысына қабілеттілігі жатады. Ол, әсіресе полярлы еріткіштегі ерітінділерде айқын байқалады да,пластидтердегі хлорофилде нашар байқалады. Көптеген денелердің сіңген сәуленің әсерінен қайталап сөулелендіру (шағылыстыру) қасиеті флуоресценсия деп аталады. Бүнда шағылысқан сөуленің толқыны қоздырушы (сіңген) соуледен үзын болады. Егер хлорофилл ерітіндісіне, ол арқылы тікелей өтетін сөуле бағытымен қарағанда ол ашық-жасыл болып, ал шагылысқан сәуледе қызыл түсіі болып көрінеді. Белгілі заттың жарық сөулелерін сіңіру қасиеті оның атом қүрылысына, соньщ ішіндегі ядродағы электрондардың орналасуына тығыз байланысты. Атомға немесе молекулаларға фотон сіңгенде оның энергиясы бір гана электронмен қабылданалы да, атом немесе молекула энергиясы мол, қозған күйге ауысады
Достарыңызбен бөлісу: |