Енді бір-біріңіздің салған суреттеріңізді бағалаңыздар.Қалай бағалағандарын көріп шығып,неліктен олай бағалағандарын сұрайды



бет5/7
Дата02.06.2023
өлшемі24,33 Kb.
#97812
1   2   3   4   5   6   7
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

Қалыптастырушы бағалау оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.

Қалыптастырушы бағалауды қолдану үшін оқушыны өзін-өзі бағалауға үйрету керек, сонымен қатар топтық, критериалды бағалау түрлерін қолдануға болады.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

Бағалау түрлері:

  • топтық жұмысты бағалау;

  • жеке оқушының топтағы
    жұмысын бағалау;

  • өзін-өзі бағалау;

  • критериалды бағалау.


ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ

Ұмытпа!


  • Топтық жұмысты бағалауда баға

  • қою міндетті емес.


ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ

Топтық жұмыс басында мұғалім оқушыларға бірнеше шарттарды түсіндіріп беруі керек:

топтық жұмыстың мақсатын және оның өтіліп жатқан тақырыптың мақсаттарына сәйкестігін түсіндіру;

жұмысты бағалау критерийлерін анықтау;

бағалауды кім жүргізетінін хабарлау (тек мұғалімнің өзі; мұғалім оқушылармен бірігіп; тек оқушылар; арнайы қазылар алқасы);

егер топ ұзақ мерзімді тапсырманы орындау үшін құрылса, онда мерзімді және топ жұмысын ұсыну формасын анықтау;

бағалау принциптерін хабарлау: әрбір оқушының топ жұмысына үлесін және жалпы топ жұмысын бағалау.

ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ

Егер мұғалім баға қоюды жоспарласа, онда топқа қойылған ортақ баға әр балаға да қойылады, тек мұндайда белсенділерді ерекше атап өтіп, жұмыстан бас тартқан кейбір оқушылардың тәртібін талқылау қажет.

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет