Ұйқы безі қызметінің бұзылуы: - Ұйқы безі – қарынның артында, он екі елі ішектің жанында орналасқан, аралас без. Қызметі нашарлап, бұзылса – қант диабеті ауруы дамиды (қанда глюкоза мөлшері жоғарылап, бала шөлдей береді, полиурия, арықтап, азады, диабетикалық кома).
Бүйрекүсті безі glandulae suprarenales - Бүйректердің жоғарғы полюсында,11-12 кеуде омыртқалары тұсында орналасатын жұп мүше
- Бір бүйрекүсті безінің салмағы12 -13 г, ұзындығы 40-60 мм, биіктігі 20-30 мм, қалындығы 2 -8 мм
- Сыртқы - қыртысты (80 %) бөліктен және ішкі - милы заттан тұрады
Бүйрекүсті безінің қыртысты бөлігінің гормондары: кортикостероидтар - Минералокортикоидтар
- Глюкокортикоидтар
- Жыныстық
Бүйрекүсті безінің қыртысты бөлігінің гормондары: Минералокортикоидтар- -
- Бүйрек өзектерінен натрийдің кері сіңірілуін жоғарылатады
- Калийді шығарады
- Капиллярлар өткізгіштігін арттыруына байланысты қабыну реакцияларының дамуына ықпал етеді
- Қандағы және тін сұйықтығындағы осмотикалық қысымды жоғарылатады ( натрий йоны концентрациясына байланысты)
- - Қантамырлар тонусын арттырады, АҚ жоғарылайды
Бүйрекүсті безінің қыртысты бөлігінің гормондары: - Глюкокортикоидтар
- Ақуыз, май, көмірсу алмасуына әсер етеді
- Ағзаның стресстік жағдайларға қарсы тұра алуын жоғарылатады
- Ақуыздан глюкоза пайда болуын ынталандырады
- Тін ақуыздарында катаболизм(ыдырау)тудырады
- Қабыну үрдісін тежейді
- Антидене өндірілуін төмендетеді
- Гипофиз белсенділігін басады, соның ішінде АКТГ синтезін
Достарыңызбен бөлісу: |