Эндокринная система Мультимедийное сопровождение лекции по курсу «Анатомия и физиология человека»



бет5/9
Дата31.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#46505
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қалқанша безі қызметінің бұзылуы

  • Қалқанша безікөмейдің алдында орналасқан, туылғанда салмағы 1 г, жиырма жаста 20 есе артады. Гормондары: тироксин, трийодтиронин және кальцитонин. Организмдегі зат және энергия алмасуын үдетеді, ұрықтың дамуында, баланың өсуінде, денелік дамуы мен психикасының қалыптасуында маңызы зор. Жетіспеушілігі – кретинизм (баланың бойының өсуі мен жыныстық жетілуі баяулайды, кем ақыл болады). Йод жетіспегенде бездің гипосекрециясы байқалады, пайда болған ауру эндемиялық зоб деп атайды. Бездің гиперсекрециясы байқалса Базед ауруы немесе тиреотоксикоз дамиды.

Қалқанша маңы безі

  • Қалқанша безінің артқы беткейіндегі домалақ денешік
  • салмағы 0,13 – 1,18 г.
  • Паратгормон гормонын өндіреді (паратирин), кальций мен фосфор алмасуын реттейді

Қалқанша маңы безі қызметінің бұзылуы:

  • Гипофункция – гипопаратиреоз
  • Кальцийлік тетания (қандағы кальций мөлшерінің төмендеуі және калийдің көбеюі)

Айырша (жемсаулық) без thymus

  • Борпылдақ дәнекер тінімен байланысқан екі асимметриялық бөліктен тұрады.
  • Балалық және жасоспірімдік жастағы ағза
  • Салмағы 13 – 37,5 г ( интенсивті өсу мен даму аралығы 6 -15 жыл), ересектерде май тінімен қапталады
  • Төс артында орналасады

Айырша безінің қызметі:

  • Жасушалық иммунитетке жауапты Т-лимфоциттердің синтезделуін жүзеге асырады
  • Гормондарды өндіреді: тимозин, тимопоэтин, тимусты гуморальды фактор – иммунды жүйенің химиялық ынталандырушысы

Ұйқы безі pancreas

  • Ұзарған пішінді, бөліктік құрылымға ие
  • Іш қуысының артқы қабырғысының1 – 2 бел омыртқалары тұсында, асқазанның артқы бөлігінде орналасқан
  • салмағы 60 – 80 г, ұзындығы шамамен 17 см


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет