Эндокринология


Қалқанша бездің функциональды автономиясы



бет103/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

3.9.2.2. Қалқанша бездің функциональды автономиясы
ҚБ-дің функциональды автономиясы ҚБ (ФА)— сыртқы түрткілер болмай-ақ гипофиздің реттеуші әсерлеріне тәуелсіз тиреоидты гормондардың өндірілуі.


Этиологиясы
ФА даму себебіне жеңіл және орташа ауырлықтағы йод тапшылығы жағдайында ҚБ-дің созылмалы гиперстимуляциясы жатады. ФА дамуының басты этиологиялық себебі пролиферативті потенциалы бойынша ерекшелінетін тироциттердің микрогетерогенділігі болып табылады (3.27 кесте).
3.27 кесте. Қалқанша бездің функциональды автономиясы



Этиологиясы

Жеңіл және орташа йод тапшылығы кезінде тироциттердің пролиферативті микрогетерогенділігі көрінісінде дамитын ҚБ-дің созылмалы гиперстимуляциясы

Патогенезі

Тироциттердің автономды қызметіне әкелетін белсендіруші мутациялар (ТТГ рецепторларының, аденилатциклаза каскадының α-субъбірлігінің)

Эпидемиологиясы

Йод тапшылығы бар аймақтарда тиреотоксикозбен таралу бойынша Грейвс ауруы бәсекеге түседі және егде адамдарда тиреотоксикоздың дамуына әкелетін басты себеп болып табылады. Қалыпты мөлшерде йод қабылдайтын аймақ тұрғындарында сирек көрініс береді

Басты клиникалық көрінісі

Тиреотоксикоздың симптоматикасы мен асқынулары;
Ұзаққа созылған субклиникалық олигосимптомды ағым тән

Диагностикасы

ТТГ↓; Т4 және/немесе Т3 ↑; түйінді немесе көптүйінді жемсау; сцинтиграфиядағы «ыстық» түйіндер; ТТГ рецепторларына қарсыденелердің болмауы, эндокринді офтальмопатияның дамуы

Салыстырмалы диагностикасы

Грейвс ауруы, сирек жағдайда тиреотоксикозбен дамитын басқа да аурулар

Емі

131I-пен терапия, хирургиялық ем (треоидэктомия).

Болжамы

Салыстырмалы кеш диагностикалау мен ұзақ субклиникалық ағымда сырқаттың өтуіне байланысты науқастарда диагнозды алдын ала растайтын асқынулар дамиды (жүрекшелер фибрилляциясы, остеопороз)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет