Эндокринология



бет111/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   285
Эпидемиологиясы
ҚБ жағынан қандайда бір өзгерістер амиодарон қабылдайтын науқастардың 30–50%-да дамиды. Жиі белсенді емдік шараларлы қажет етпейтін эутиреоидты гипертиротропинемия жөнінде сөз қозғалады. Қалыпты немесе йодты шектен тыс артық қабылдайтын аймақтарда жиі амиодарон-индуцирлеген гипотиреоз, ал йод тапшы аймақтарда жиі — амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоз дамиды.


Клиникалық көріністері
ҚБ-дің функционалдық жағдайымен анықталады. Әдетте гипотиреоз ешқандай спецификалық клиникалық көріністерге ие болмайды және амиодаронды қабылдау көрінісінде ҚБ қызметін динамикалық бақылау үрдісі барысында анықталады. АмИТ-2 жиі клиникалық көрінісі солғын болады, осыған орай амиодаронды қабылдау көрінісінде тиреотоксикоздың жүрек-қантамырлық симптоматикасы жойылады. Бұл кезде алғашқы орынға дене салмағының азаюы, бұлшықеттік әлсіздік шығады. Амиодарон қабылдайтын науқастардың 80%-да ҚБ қызметіне тәуелсіз тәбет төмендейді. Сирек дамитын АмИТ-1 клиникалық көрінісі айқын.


Диагностикасы
Амиодарон қабылдайтын науқастарда ҚБ қызметін бағалау әрбір 6 ай сайын жүргізіледі, нәтижесінде ҚБ қызметінің өзгерістері дамиды. Амиодарон-индуцирлеген тиреопатия препаратты қабылдауды тоқтанқаннан бірнеше жылдардан кейін дамуы мүмкін, сондықтан тиреотоксикозбен науқастардың барлығынан анамнезді мұқият жинау қажет. Ерекше назарға жүрек аритмиясы көрініс берген егде жастағы науқастар ие болады. Науқаста тиреотоксикоз анықталғаннан кейін ҚБ сцинтиграфиясы жүргізіледі, бұл АмИТ-1 мен АмИТ-2 салыстырмалы диагностикалауға мүмкіндік береді (кесте 3.29). Парадоксальды солғын клиникалық көрініс кезінде соңғысына бос Т4 деңгейінің 60–80 пмоль/л (қалыпты жағдайда 11–21 пмоль/л) дейін жоғарылауы тән. Бұл кезде бос Т3 деңгейі Т4-тен оның конверсиясының бұзылуы нәтижесінде жоғарылайды.


Салыстырмалы диагностикасы
Амиодаронды қабылдау барысында жиі эутиреоидты гипертиротропинемия дамиды, оған қалыпты Т4 деңгейінде ТТГ мөлшерінің жоғарылауы тән. Амиодаронмен индуцирленген гипотиреоз кезінде орынбасушы терапияның тағайындалуын талап ететін Т4 мөлшерінің төмендеуі анықталады. АмИТ-1 мен АмИТ-2 салыстырмалы диагностикасы ҚБ сцинтиграфиясы мәліметтеріне негізделеді (3.31 кесте).


3.31 кесте. Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоз түрлерінің салыстырмалы диагностикасы








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет