Эндокринология



бет99/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Адамдар тобы

Йодқа деген сұраныс мкг/тәу

Мектеп жасына дейінгі балалар (0-59 ай)

90

Мектеп жасындағы балалар (6-12 жас аралығы)

120

Ересектер (12 жастан жоғары )

150

Жүкті және емізетін әйелдер

250

Популяцияда йод тапшылығының басты көрсеткіші қандайда да бір аймақта тұратын репрезентативті топтағы халықта несеппен шығатын йод деңгейі болып табылады. Репрезентативті топқа кіші мектеп жасындағы жас балаларды жатқызуға болады (7–12 жас) және зерттеу мектепте орындалады, себебі бұл таңдаудың кездейсоқ екендігін және репрезентативтігін көрсетеді. Жеке несеп порцияларында йод экскрециясы деңгейі анықталғаннан кейін интегральді көрсеткіш есептеледі — йодурия медианасы (3.24 кесте). Йод тапшылығының жанама және сенімді көрсеткіші осы топ балаларында ҚБ-дің ұлғаюы (жемсау) болып табылады.




3.24 кесте. Несептегі йод мөлшеріне байланысты йод тапшылығының ауырлық дәрежесін бағалаудың эпидемиологиялық нышандары (критерийлері)



Йод тапшылығының айқындылығы

Репрезентативті топта несепте йод концентрациясының медианасы (мкг/л)

Йод тапшылығы жоқ

100-ден астам

Жеңіл йод тапшылығы

50-99

Орташа йод тапшылығы

20-29

Ауыр йод тапшылығы

20

Осы нышандарға сай 2006 жылғы мәліметтерге сүйенсек, жиі жеңіл, сирек орташа дәрежедегі йод тапшылығы барлық Ресей Федерациясы территориясында, Украина, Батыс және Шығыс Европа елдерінде (Франция, Испания, Бельгия, Италия) анықталды. ЙТА-ның спектрі түрлі айқындылықтағы йод тапшылығы орнаған аймақтарда ауыр дәрежеде психиканың бұзылуынан эутиреоидты жемсаудың таралуының үлкеюіне дейін ауытқиды (3.25кесте).




Кесте. 3.25. Түрлі айқындылықтағы йод тапшылығы кезінде дамитын ЙТА спектрі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет