Клиникалық көріністері Неврологиялық кретинизмнің басты көріністеріне олигофрения, саңыраулық, спастикалық диплегия немесе тетраплегия, қитарлық жатады. Гипотиреоз дамымайды. Науқас йод тапшы аймақта әрі қарай тұрақтайтына орай жемсау көрініс береді.
Диагностикасы Неврологиялық кретинизм ауыр йод тапшылығы дамыған аймақтарда тұратын және туылған науқастарда көрініс беретін типті белгілергі негізделе диагностикаланады.
Салыстырмалы диагностикасы Басқадай себептерден дамыған олигофрения көрініс берген неврологиялық кретинизммен жүргізіледі.
Профилактикасы БДДҰ ұсынғандай, өз әсерлігін көрсеткен жалпылама йод тапшылығының профилактикасы болып тағамға қосатын тұзды йодтау табылады. Жүкті және емізтін әйелдерде жеке йод профилактикасы ретінде физиологиялық мөлшерде қосымша йодты (калий йодит 150–200 мкг/тәу) қабылдау тағайындалады.
Болжамы Йод тапшылығы әсерінен дамыған неврологиялық және психикалық бұзылыстар қайтымсыз.
3.10. АМИОДАРОН-ИНДУЦИРЛЕГЕН ТИРЕОПАТИЯЛАР Амиодарон (кордарон) кең көлемді аритмияға қарсы әсерлі препарат ретінде, кейде таңдау препараты ретінде қолданылатын, осыған қарамастан ҚБ патологиясы мен тиреоидты гормондардың метаболизмінде бірқатар өзгерістер туғызатын дәрілік зат (3.30 кесте).
Этиологиясы Амиодарон құрамында үлкен мөлшерде йоды (жалпы салмағының 39%-ы) бар, құрылымы бойынша Т4 молекуласына ұқсас бензофуран туындысы. Амиодаронды қабылдау кезінде ағзаға күн сайын 7–21 г йод түседі (йодқа деген физиологиялық сұраныс шамамен 200 мкг). Амиодарон көп мөлшерде май тіндері мен бауырда жиналады, оның ағзадан жартылай шығару уақыты оршама алғанда 53 күннен артық, осыған орай амиодарон-индуцирлеген тиреопатиялар препарат қабылдауды тоқтатқаннан көп уақыттан кейін дамуы мүмкін.
Патогенезі Амиодарон барлық деңгейде тиреоидты гормондардың алмасуы мен реттелуіне қатысады. 2 типті дейодиназа жұмысын бәсеңдетіп, ол гипофиз тиротропоциттерінде Т4-тің Т3-ке конверсиясын бұзады, нәтижесінде тиреоидты гормондарға гипофиздің сезімталдылығы төмендейді. Осыған орай, амидарон қабылдайтын науқастарда терапияның бастапқы кезеңінде қалыпты тиреоидты гормондардың (эутиреоидты гипертиротропинемия) деңгейіне қарамастан ТТГ мөлшері жоғары болады. Амиодарон-индуцирлеген тиреотоксикоз үлкен клиникалық мәселе болып табылады және бұл патологияның екі түрін ажыратады.