Эндокринология



бет112/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

АмИТ-1

АмИТ-2



Патогенезі

Йод-индуцирлеген

Деструктивті

Клиникалық көрінісі

Жиі айқын

Жиі солғын

Жемсау

Жиі көптүйінді

Анықталмайды

99mTc қармау

Жоғарылаған

Төмендеген

Тиреоглобулин

Қалыпты мөлшерде немесе сәл жоғарылаған

Сәл жоғарылаған

Доплерография мәліметтері бойынша қанайналым

Жоғарылаған

Төмендеген



Емі
Эутиреоидты гипертиротропинемия емді қажет етпейді. Манифестті гипотиреоз (ТТГ↑, Т4↓) кезінде L-T4 орынбасушы терапия тағайындалады. Амиодарон қабылдауды доғарту қажет. Бірақ бірқатар жағдайларда мұны орындау мүмкін емес, себебі препаратты қабылдауды тоқтату қарыншалық аритмияның дамуына әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл жағдай радикалды шешімді талап етеді (131I-пен терапия, тиреоидэктомия). Амиодаронды қабылдауды жақын аралықта доғарту ҚБ ауруының клиникалық ағымына еш әсер етпейді, себебі бұл препараттың ағзадан жартылай шығару уақыты өте ұзақ және ағзада өте көп мөлшерде жиналады (әсіресе, семіздік дамыған науқастарда). АмИТ-1 емдеу әдісі нақты клиникалық жағдайға тәуелді таңдалады, бірақ кез келген жағдайда алғашқы сатыда тиреостатикалық препараттар (тиамазол 30–40 мг/тәу) тағайындалады, себебі олардың көрініснде эутиреозға қол жеткізуге болады. Кейінірек науқасқа 131I-пен терапия немесе тиреоидэктомия тағайындалады. АмИТ-2 емдеу өте қиын мәселе, себебі деструктивті тиреотоксикоз кезінде тиростатикалық терапия әсерсіз және көрсетілмеген. Мөлшерін біртіндеп төмендетумен 8–12 апта бойы глюкокортикоидтар тағайындалады (преднизолон 30–60 мг/тәу per os) және оның көрінісінде ғана эутиреоидты жағдай орнайды. Науқастардың жартысында тиреотоксикоз рецидиві дамуы мүмкін. Егер АмИТ-2 созылмалы рецидивті сипатқа ие болса, тиреотоксикалық кардиомиопатия, переднизолонның жоғары мөлшері көрінісінде медикаментозды Кушинг синдромы дамиды да, науқасқа тиреоидэктомия тағайындалады. Бірақ АмИТ-2-мен сырқаттанған науқастардың жартысында деструктивті тиреоидиттердегідей транзиторлы гипотиреоидты кезең дамып, уақытша L-T4-пен орынбасушы терапияны талап етеді.


Болжамы
Басым жағдайда болжамы әсіресе, амиодаронмен емді толығымен тоқтатқанда қолайлы. АмИТ-1 өте сирек дамиды, оның болжамы көптүйінді жемсау мен ГА-нан ешқандай ерекшелігі жоқ. АмИТ-2 жалғыз эпизодпен аяқталады, болжамы созылмалы рецидивінде қолайлы (тиреоидэктомия жүргізу қажеттігі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет