Эндокринология



бет149/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Этиологиясы
98% жағдайда — гормональды белсенді емес қатерсіз түзілістер. Қатерлі ісіктер — < 1% жағдайда, гормональды-белсенді ісіктер — < 2 % жағдайда дамиды (4.19 кесте).


Патогенезі
Басым жағдайда организм үшін ешқандай патологиялық маңызы жоқ (қатерлі және гормональды-белсенді түзілістерден басқа).


4.19 кесте. Бүйрек үсті безі инциденталомаларының морфологиясы



Морфологиясы мен гормональды белсендігі

%

Гормональды-белсенді емес

85 %

Киста

~ 10 %

Миелолипома

Бүйрек үсті безінің жалған түзілістері

Қатерлі ісіктер

1 %

Бүйрек үсті безіне метастаздар

1 %

Гормональды-белсенді ісіктер (феохромоцитома, кортикостерома, альдостерома)

2 %





Эпидемиологиясы
Жалпы популяцияда бүйрек үсті безі инциденталомаларының таралымы 5% (аутопсия мәліметтері бойынша 10%).


Клиникалық көріністері
Жоқ; жиі ілеспелі патология гормональды белсенді түзіліспен потенциалды байланысты болады (артериялық гипертензия, семіздік, қант диабеті және т.б.).



4.16 сурет. Бүйрек үсті безі инциденталомаларының диагностикасы мен емдеу алгоритмі

4.16 сурет
Инциденталома надпочечника- Бүйрек үсті безінің инциденталомасы
Малая дексаметозоновая проба- Кіші дексаметазон сынағы
Метанефрины- Метанефриндер
Ренин и альдостерон- Ренин мен альдостерон
Нет гормональной активности- Гормональды белсендігі жоқ
Гормональная активность- Гормональды белсенділік
КТ через 12 мес- 12 айдан кейін КТ
Рост опухоли- Ісіктің өсуі
Адреналэктомия- Адреналэктомия



Диагностикасы
Диагностикалаудың басты мақсаты гормональды белсенді, қатерлі сипаттағы түзілісті анықтау болып табылады (4.16сурет).
Осы мақсатта жүргізіледі:
— Кіші дексаметазон сынағы (несеппен кортизолдың тәуліктік экскрециясын анықтау);
— Қан сарысуындағы калий, натрий; артериялық гипертензияда – ренин, альдостерон деңгейін анықтау;
— Метанефриндер (альтернативасы-катехоламиндер мен ВМК экскрециясы) деңгейін анықтау;
— Диаметрі < 5 см болатын интервалы 6, 12, 24 ай аралықта гормональды-белсенді емес түзілістерінің КТ-сі (МРТ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет