Эндокринология



бет145/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

4.17 кесте. Феохромоцитома



Этиологиясы

Бүйрек үсті безі милы затының (90 %; 10 % — екі жақты) немесе экстраадреналды хромаффинді тін ісігі (симпатикалық ганглии). 10% — КЭН-2 синдромы шеңберінде (9.2.2 бөлімді қараңыз), 10% — қатерлі

Патогенезі

Ісіктің адреналин мен норадреналинді артық бөлуі

Эпидемиологиясы

Артериялық гипертензия жағдайының 0,1%-да көрініс береді, 30–50 жас аралығында — 1% жағдайда анықталады.
Таралу жиілігі —10 мың халыққа 1 жағдайдан 200 мың халыққа 1 жағдай сәйкес келеді, сырқаттану — жылына 1,5–2 млн халыққа 1 адам сәйкес келеді

Басты клиникалық көрінісі

Артериялық гипертензия (типті жағдайларда— кризді ағым), ортостатикалық гипотензия, жүрек қағуы, диспноэ, түрлі локализациядағы ауыру сезімі (көкірек қуысында, іш аймағында), тершеңдік, қызба, мазасыздану, лоқсу, іш қату, бастың ауыруы, парестезия, көру қабілетінің бұзылуы.
Асқынулары: жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфаркті, өкпе ісінуі, бас миы қанайналымының бұзылысы, гипертензиялы энцефалопатия, көмірсуларға толеранттылықтың бұзылуы

Диагностикасы

1. Зертханалық диагностикасы: қан сарысуында бос метанефриндер деңгейін (метанефрин және норметанефрин) және несепте коньюгирленген метанефрин деңгейі анықталады. Катехоламиндердің соңғы метаболиті ванилил-миндаль қышқылының (ВМҚ) эксрециясын және несеппен катехоламиндерді анықтаудың ақпараттылығы төмен
2. Бүйрек үсті безінің КТ-сі (МРТ)
3. Метайодбензилгуанидинмен сцинтиграфия
4. КЭН-2 синдромына скринингті зерттеу (қандағы кальцитонин және кальций деңгейі)

Салыстырмалы диагностикасы

Кризді ағымды эссенциальды гипертензия, тиреотоксикоз, паникалық шабуылдар (симпатоадреналды криздер), истериялық невроз, нейроциркуляторлы дистония, бүйрек үсті безінің инциденталомасы

Емі

Адреналэктомия. Операция алдындағы кезеңде— α- және β-адреноблокаторлармен кешенді терапия

Болжамы

Мамандандырылған медициналық мекемелерде өлім көрсеткіші 1–4 %. Адреналэктомиядан соң 5-жыл өмір сүруі >95 %. Рецидивтер <10 % (контралатеральды бүйрек үсті безінде ісіктің дамуы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет