Эндокринология


Өзгерістер Гипогонадизмнің дамуы



бет170/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   285
Өзгерістер

Гипогонадизмнің дамуы

Пубертатқа дейінгі кезең

Пубертаттан кейінгі кезең

Сүйек

Евнухоидты ұзынбойлылық,
остеопороз



Остеопороз

Көмей

Дауыс мутациясының дамымауы

Өзгеріссіз

Түктену

Әйел типі бойынша: шаптық түктенудің горизонтальды шекарасы, денеде түктенудің болмауы, сақал мен мұрттың шықпауы

Шаш өсуінің баяулауы немесе шаштың, сақал-мұрттың және аксилярлы және шап аймағында түктің түсуі, андрогенді алопецияның болмауы

Тері

Құрғақ, бозғылт, жасөспірімдік безеулердің болмауы

Атрофия, бозғылт

Эритропоэз

Анемия

Анемия

Мускулатура

Жетілмеген

Атрофия, күшінің төмендеуі

Май тіні

Әйел типі бойынша майдың жиналуы

Әйел типі бойынша таралуы

Сперматогенез

Инициирленбейді, бедеулік

Төмендейді, бедеулік

Эякулят

Жиі аспермия

Спермограмма көрсеткіштерінің нашарлауы

Либидо, потенция

Болмайды

Әлсірейді

Жыныс мүшесі

Инфантильді (ұзындығы < 5 см)

Өзгеріссіз

Аталық бездер

Жұмсақ < 5 мл

Жұмсақ < 15 мл

Ен

Пигментацияланбаған, қатпарсыз

Өзгеріссіз

Простата (қуық асты безі)

Жетілмеген

Атрофия



Клиникалық көріністері
Гипогонадизмнің клиникалық көрінісі ең алдымен сырқаттың дамыған жас уақытына тәуелді (6.6 кесте).


Диагностикасы
1. Гипогонадизмнің клиникалық көрінісі (6.6кесте) гипогонадизмнің дамуына әкелген сырқаттардың спецификалық көріністерімен бірге ұштасады (туа біткен синдромдар, соматикалық аурулар және т.б. 6.4–6.5 кесте).
2. Тестостерон мөлшерінің төмендеуі (6.2.2 бөлімді қараңыз).
3. Біріншілік гипогонадизмде ЛГ және ФСГ деңгейінің жоғары болуы, ал екіншілік гипогонадизмде керісінше төмен болуы.


Салыстырмалы диагностикасы

  • Гипогонадизмнің дамуына әкелген сырқаттар арасында жүргізіледі.

  • Аталық без патологиясына және гонадотропиндер өндірілуінің бұзылыстарымен байланыссыз дамитын гипогонадизм: гиперпролактинемия, эстрадиол гиперпродукциясы (аталық без, бүйрек үсті безі, бауырдың ісіктері) және т.б.



Емі
Андрогендермен орынбасушы терапия. Орынбасушы терапияға абсолютті қарсы көрсеткіш болып көкірек безі мен қуық асты безінің қатерлі ісігі, ал салыстырмалы қарсы көрсеткіші қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, полицитемия, ұйқы кезіндегі апноэ синдромы болып табылады. Андрогендермен орынбасушы терапияны бастамас бұрын мынадай шараларды орындау міндетті: қуық асты безін ректальды зерттеу, көкірек бездерін пальпациялау, простат-спецификалық антигендерді, гемоглобин, гемотокрит, липидті спектрді анықтау.
Тестостеронның көптеген дәрілік түрлері белгілі. Тестостерон эфирлерінің қоспасы (сустанон, омнадрен) 2–4 аптада 1 рет бұлшықетке 250 мг мөлшерде енгізеді. Таблетка түрінде тестостерон андеканоаты тағайындалады (40 мг тәулігіне 3 рет). Сонымен қатар, трансдермальды жүйелер, теріастылық имплантатттар, гельдер секілді дәрілік зат түрлері белгілі. Тестостеронмен орынбасушы терапияның мониторингі мынаған негізделеді: қуық асты безін ректальды зерттеу, 45 жастан асқан ер адамдарда простат-спецификалық антиген мөлшерін, гемоглобин, гемотокрит, липидті спектрді анықтау. Аталған бұл зерттеулер ем басталғаннан 3 айдан кейін жасалынып, кейін 6–12 ай интервалмен қайталанып отырады.


Болжамы
Гипогонадизмнің дамуына әкелген нақты сырқатқа тәуелді.


6.4. ЭРЕКТИЛЬДЫ ДИСФУНКЦИЯ
Жыныстық акті орындауға қажетті эрекцияны жыныс мүшесінің ұстай алмауын эректильді дисфункция деп атайды (6.7 кесте).


6.7 кесте. Эректильды дисфункция

Этиологиясы мен патогенезі

Психогенді дисфункция, дәрілік препараттар, интоксикация, эндокринді және неврологиялық аурулар, қантамырлық патология

Эпидемиологиясы

10 % ер адамдарда, >50 % ер адамдарда >70 жастан асқанда

Басты клиникалық көріністері

Эректильды дисфункцияға әкелген сырқат симптомдарымен эрекция бұзылыстарының ұштасуы

Диагностикасы

Анамнез, аталық без пальпациясы, жыныс ағзасын қарап тексеру, тестостерон, ЛГ, ФСГ, пролактин, гликемия, ТТГ, бауырлық трансаминаза, креатинин; жыныс мүшенің доплерлік УДЗ-сі, диагностикалық интракавернозды вазодилятатор екпесі

Салыстырмалы диагностикасы

Эректильды дисфункцияны шақырған себептермен салыстырады

Емі

Этиотропты ем (мысалы, гипогонадизм кезінде андрогендермен орынбасушы терапия) және/немесе симптоматикалық (фосфодиэстераза ингибиторлары, Е1 простагландиннің интракавернозды инъекциялары (реваскуляризациялық операциялар, пенис протезі)

Болжамы

Эректильды дисфункцияны дамытатын себептерге тәуелді



Этиологиясы
50–70% жағдайда органикалық бұзылыстар эректильды дисфункцияның себебі болып табылады. Эректильды дисфункцияның басты себептері төмендегі 6.8 кестеде көрсетілген.


6.8 кесте. Эректильды дисфункцияның себептері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет